Хабарландыру

Болашақ магистранттар! 2020 жылдың 15 маусымы мен 15 шілде аралығында Кешенді тестілеуге құжат тапсырып үлгеріңіздер!

Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге (КТ) өтініш берудің жаңа күндері туралы хабарлаймыз.

Магистратураға тапсыру үшін КТ құжаттарды 15 маусым мен 15 шілде аралығында тапсыруға болады.

Кешенді тестілеу күнтізбелік жылдың 01-15 тамыз аралығында өткізіледі.

КТ-ға қатысу үшін өтініш беруші қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы келесі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттар тапсырған кезде);
3) жеке куәлік көшірмесі;
4) өлшемі 3 × 4 сантиметр болатын екі фотосурет;
5) 086-У нысанындағы медициналық құжаттама электрондық форматта,
6) тестілеуге қатысу үшін төлем туралы түбіртек;
7) жалпы еуропалық құзіреттіліктерге (стандарттарға) сәйкес шет тілін білуді растайтын халықаралық сертификаттың (егер бар болса) көшірмесі;
8) мекен-жай анықтамасы.

КТ нәтижелері бойынша электрондық сертификат шығарылады, ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында расталады.

КТ-ға мыналар кіреді:
– шет тілінен тест (ағылшын, француз, неміс);
– білім беру бағдарламалары тобының профилі бойынша тестілеу;
– қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындығын анықтау үшін тест (таңдау бойынша).

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 8 (727) 293-53-17 (ішкі 110)

Пайдалы сілтемелер:
-магистрлік бағдарламалар туралы: https://welcome.atu.kz/master-degree-educational-programs
-қабылдау шарттары туралы: https://welcome.atu.kz/home/magistracy/magistracy-submission
-КТ мамандандырылған пәндері туралы ақпарат: https://welcome.atu.kz/home/magistracy/masters-exam-schedule