• РУС
  • ҚАЗ
  • ENG
Конференциялар

Сіздерді, жас ғалымдарды: студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және ғылыми қызметкерлерді 2022  жылы  сәуір айының  21-22  күндері Алматы технологиялық университетінде өтетін жас ғалымдардың  «ҒЫЛЫМ. БІЛІМ. ЖАСТАР» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.

 

Конференцияны ұйымдастырушы:  «Алматы технологиялық университеті» АҚ
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Конференция жұмысының бағыты:

- Тағам  және өңдеу өндірісінің технологиясы;
- Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі;
- Технологиялық процестерді механизациялау, автоматтандыру және  ақпараттандыру;
- Жалпы экономикалық мәселелер, қонақжайлылық индустриясы;
- Жаратылыстану ғылымдары;
- Әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдар.

 

Баяндамаларды ұсыну:

Баяндамалар мен хабарламалар толық 3 беттен аспайтын (графикалық материалды қосқанда) көлемде, интерактивті формада ұсынылады. Баяндамаларды жіберу үшін online жүйесінде төмендегі сілтеме бойынша http://register.atu.kz/rnpk/  электрондық тіркелу қажет.

Баяндама тіркеу формасына бөлек файл болып тіркеледі. Файлдың аты – бірінші автордың аты. Мәтінді теру шрифті Times New Roman, Times New Roman KK EK, Формат: MS Word 95/97/2000/XP, кітаптық, шрифт өлшемі – 14, сөйлемаралық интервал – біртекті, барлық шеттері жан-жағынан - 20 мм.

Баяндама мәтіні келесі схема бойынша толтырылады: Құжаттың басында сол жақ жоғарғы бұрышында ӘОЖ индексі көрсетіледі, келесі жолдың ортасынан, баспа әріптерімен – баяндама аталуы, келесі жолда авторлар фамилиясы мен инициалы және ғылыми жетекшілердің (болған жағдайда) ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, қаласы, электронды адресі және келесі жолдан баяндама мәтіні жазылады. Мәтін түпнұсқа болып есептеледі және өзгертілмейді. Баяндама соңында әдебиеттер тізімі беріледі. Әдебиеттерге сілтеме міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Бір автордан 2 -ден көп емес мақала қабылданады. Бір мақаладағы авторлардың саны 3-тен аспау керек.

Баяндаманы ұсыну уақыты 2022  жылдың 03 сәуіріне  дейін. Ұйымдастыру комитеті, безендірілу талабына және конференция тақырыбына сәйкес келмеген немесе 2022 жылдың 03 сәуірінен  кейін тапсырылған баяндаманы қайтаруға құқылы.

 

Баяндама жарияланымға қабылданғаны туралы ұйымдастыру комитетінің хабарламасынан кейін автор қатысу жарнасын төлеген құжатының сканерленген көшірмесін conference@atu.kz электронды адресіне жібереді. Қатысу жарнасын төлегендігі туралы құжатты ұсыну мерзімі - 18  сәуір 2022 жыл.

Баяндама  конференцияның ғылыми еңбектер жинағында  жарияланады және конференция жұмысы аяқталғаннан кейін бір ай аралығында www.atu.kz сайтына қойылады.

 

Ұйымдастыру сұрақтары
Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитеті мекен жайына 2022  жылдың 03 сәуіріне  дейін конференцияға қатысушы тіркелу формасы мен баяндамасын жіберу қажет. Конференцияға қатысу жарнасы 2500 теңгені құрайды.

 

Конференцияға қатысушының тіркелу формасы

Фамилия, аты, әкесінің аты (толығымен) ----------------------------------------------------------------------
Оқу немесе жұмыс орны, қызметі -----------------------------------------------------------------------------------
Ғылыми дәреже, ғылыми атағы --------------------------------------------------------------------------------------
Байланыс телефоны, электронды адрес ----------------------------------------------------------------------------

Ғылыми жетекшінің фамилиясы, аты, әкесінің аты (толығымен)--------------------------------------
Жұмыс орны, қызметі                     -----------------------------------------------------------------------------------
Ғылыми дәреже, ғылыми атақ ----------------------------------------------------------------------------------------
Баяндама тақырыбы-----------------------------------------------------------------------------------------------------
Бағыты----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Конференцияға қатысу формасы (белгілеу қажет):баяндамасыз қатысу; баяндамамен қатысу; сырттай қатысу.
Қонақ үйге орынды алдын-ала жалдау қажеттігі (иә, жоқ)-----------------------------------------------------

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен - жайы:

050012, Алматы қаласы, Толе би көшесі 100, «Алматы технологиялық университеті» АҚ,
Ғылым басқармасы, каб. 617, тел. +(727) 293-53-19 ішкі. 178, 243.
E-mail: conference@atu.kz

 

Төлем деректемелері

«Алматы Технологиялық Университеті» АҚ
«Банк ЦентрКредит» АҚ
РНН 600700012258
БИК KCJBKZKX
КБЕ: 17
БИН 990840000359
ИИК KZ 878560000000011134

2021 жылғы 21 қазанда «Алматы технологиялық университеті» АҚ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тағам, жеңіл өнеркәсіптері мен қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы»  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция жұмысына онлайн режимде Беларусь мемлекеттік азық-түлік және химиялық технологиялар университеті (Белоруссия), Ярослав Мудрый атындағы Новгород мемлекеттік университеті (Ресей), Новосибрск технологиялық институты (Ресей), Одесса ұлттық тағам технологиялары академиясы (Украина), Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті  (Ресей),  А. Н. Косыгина атындағы Ресей мемлекеттік университеті (Ресей), Н.В. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік аграрлық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Шәкәрім атындағы Семей қаласының мемлекеттік университеті, Қазақ технология және бизнес университеті (Нұр-сұлтан қ.), Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Инновациялық Еуразия университеті, С. Сейфуллин  атындағы Қазақ агротехникалық университеті, сондай-ақ тағам және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының басшылары және т.б. қатысты.

 

Конференцияны кіріспе сөзімен ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Алиев Баходир Азимжонович ашты.

 

Конференцияның пленарлық отырысында баяндамалар жасады:

Мокеева Наталия Сергеевна - т.ғ.д., А.Н. Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің профессоры «Пандемиядан кейінгі киімді және арнайы киімді жобалауға қойылатын заманауи талаптар» тақырыбында;

Турсуналиева Динара Мухтаровна  - э.ғ.к., М.Рысқұлбеков атындағы  Қырғыз экономикалық университетінің доценті «Қырғыз Республикасында циркулярлық экономиканың қалыптасуы» тақырыбында;

Титлов Александр Сергеевич - т.ғ.д., профессор, Одесса ұлттық тамақ технологиялары академиясының мұнай-газ технологиялары, инженерия және жылу энергетикасы кафедрасының меңгерушісі «Күн жылу трансформаторлары негізінде атмосфералық ауадан су алу жүйелерін әзірлеу» тақырыбында;

Мардар Марина Ромиковна  -т.ғ.д., профессор, Одесса ұлттық азық-түлік технологиялары академиясының ғылыми және педагогикалық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры «Сауықтыру мақсатындағы астық өнімдерінің жаңа түрлерінің ассортиментін қалыптастыру және сапасын кешенді бағалау» тақырыбында.

 

Пленарлық мәжілістің соңында «АТУ» АҚ ректоры Т.Қ. Құлаажановтың атынан конференция баяндамашыларына алғыс хаттар берілді.

Конференция жұмысы келесі тақырыптық секциялар бойынша жалғасты.

Секция 1 - «Ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу және тағам өнімдерін өндіру технологиясы мен техникасы, олардың сапасы мен қауіпсіздігі». Модераторлар: Жаксылыкова Г.Н.– т.ғ.к., доцент, «АТУ» АҚ  «Тағам технологиялары» факультетінің деканы; Таева А.М. – т.ғ.к., доцент, «АТУ» АҚ  «Тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі. Хатшы: Изембаева А.К. – PhD. Идентификатор -625 610 9205; пароль – Qwerty1234.

Секция 2 - «Жеңіл және тоқыма өнеркәсіптері тауарлары мен бұйымдарының технологиясы және қауіпсіздігі; дизайн және мода». Модераторлар: Сарттарова Л.Т. – PhD, доцент, «АТУ» АҚ «Дизайн, текстиль және киім технологиялары» факультетінің деканы; Джуринская И.М. – PhD, «АТУ» АҚ «Текстиль өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі. Адамбекова Ж.К. – магистр. Идентификатор -263 662 2658; пароль – Qwerty1234.

Секция 3 - «Тағам, жеңіл өнеркәсіптері мен қонақжайлылық индустриясының экономикалық мәселелері, мейрамхана және қонақ үй бизнесі технологиясы». Модераторлар: Мурзалиева А.К. – PhD, «АТУ» АҚ «Экономика және бизнес» факультетінің деканы; Елубаева Ж.М. – э.ғ.д., «АТУ» АҚ  «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының меңгерушісі. Хатшы:Чувашев С.Ю. - магистр. Идентификатор -496 692 5585; пароль – Qwerty1234.

Секция 4 - «Тағам және жеңіл өнеркәсіп өндірістеріндегі технологиялық үдерістер мен құрал-жабдықтар. Технологиялық үдерістерді инфокоммуникациялық басқару». Модераторы: Усупов С.С. – т.ғ.д., доцент, «АТУ» АҚ  «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы; Маликова Ф.У. – PhD, доцент, «АТУ» АҚ  «Ақпаратты технологиялар» кафедрасының меңгерушісі. Хатшы: Ильясов Е.С. – магистр.  Идентификатор -921 201 5801; пароль – Qwerty1234.

Секция 5 - «Білім берудегі инновациялық технологиялар». Модераторлар: Аухадиева З.Ж. – – ф.ғ.к., доцент, «АТУ» АҚ «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі; Тукенова К.Т. – п.ғ.к., «АТУ»   АҚ «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі. Хатшы: Миркенова Г.К. – магистр. Идентификатор -898 903 4342; пароль – Qwerty1234

 

 

Секциялық отырыстарда ұсынылған баяндамаларда тағам, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының қазіргі жай-күйі, даму үрдістері мен перспективалары мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелері баяндалды. Пікірталас барысында әрі қарайғы зерттеулердің перспективалық бағыттары қаралып, неғұрлым маңызды мәселелерді  шешудің мүмкін болатын  жолдары тұжырымдалды. Қорытынды пленарлық мәжілісте  ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Алиев Баходир Азимжонович халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны қорытындылап, барлық қонақтар мен қатысушыларға шын жүректен алғыс айтып, ғылым саласында одан әрі жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдірді.

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді 2021 жылы қазанның 21-22 күндері өтетін Алматы технологиялық университетінің «Тамақ, жеңіл өнеркәсіптері мен қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының  жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

Конференцияға ғалымдар мен мамандар, мемлекет және қоғам қайраткерлері,  бизнес құрылымдары мен Қазақстан Республикасы, ТМД және алыс-жақын шет елдердің БАҚ өкілдері шақырылады.

 

Конференция бағыттары:

  • Экологиялық қауіпсіз тағам өнімдері өндірісіндегі шикізатты қайта өңдеудің инновациялық технологиялары;
  • Агроөнеркәсіп кешеніндегі биотехнология мен нанотехнологиялар;
  • Жаңа буын өнімдерін өндірудегі тоқыма өндірісінің шикізатты үнемдейтін, қауіпсіз технологиялары;
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалау әдістері және дизайн-концепциясы;
  • Тағам және жеңіл өнеркәсіп өндірістеріндегі технологиялық үдерістер мен құрал-жабдықтар;
  • Технологиялық үдерістерді инфокоммуникациялық басқару;
  • Туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесінің тұрақты дамуы;
  • Тағам, жеңіл өнеркәсіп өндірістерінің және қонақжайлылық индустриясының экономикалық өркендеуінің мәселелері;
  • Білім берудегі инновациялық технологиялар.

 

Конференцияға қатысу түрлері

  • пленарлық баяндамамен қатысу;
  • секциялық баяндамамен қатысу;
  • баяндамасыз басылып шығу.

 

Конференция материалдары бойынша жинақ шығарылады. Жинаққа Халықаралық  ISBN индексі беріледі.

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Баяндамаларды ұсыну: Баяндамалар мен хабарламалар толық 3 беттен аспайтын (графикалық материалды қосқанда) көлемде, интерактивті формада ұсынылады. Баяндамаларды жіберу үшін конференцияның арнайы сайтына төмендегі сілтеме бойынша www.conference-atu.kz  online жүйесінде электронды тіркелу қажет.

 

Баяндама, толтырылған тіркеу формасына, жеке файл болып тіркеледі. Файлдың аты – бірінші автордың аты. Мәтінді теру шрифті Times New Roman, Times New Roman KK EK, ФорматMS Word 95/97/2000/XP,  кітаптық,   шрифт өлшемі - 14, сөйлемаралық интервал - біртекті, шеттері жан-жағынан - 20 мм.

 

Баяндама мәтіні келесі схема бойынша толтырылады: Құжаттың басында сол жақ жоғарғы бұрышында ӘОЖ индексі көрсетіледі, келесі жолдың ортасынан, баспа әріптерімен – баяндама аталуы, келесі жолда авторлар фамилиясы мен инициалы және ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, қаласы, мемлекеті, электронды адресі және келесі жолдан баяндама мәтіні жазылады. Баяндама соңында әдебиеттер тізімі беріледі. Мәтін түпнұсқа болып есептеледі және өзгертілмейді.

 

Баяндаманы ұсыну уақыты 2021 жылдың 01 қазанға (қоса алғанда) дейін. Ұйымдастыру комитеті баяндаманың рәсімделуі, орындалуы талапқа сай келмесе, конференция тақырыбымен сәйкес келмесе немесе 2021 жылдың 01 қазанынан кейін тапсырылса,  баяндаманы қайтаруға құқылы.

 

Баяндаманы жарияланымға  қабылдау туралы ұйымдастыру комитетінің хабарламасын алғаннан кейін, автор қатысу жарнасын төлегендігі туралы құжаттың сканерленген көшірмесін 2021 жылдың 15-ші қазанға  дейін conference@atu.kz  электронды мекен-жайға ұсынуы қажет.

 

Баяндама конференцияның ғылыми еңбектер жинағында және atu.edu.kz сайтында жарияланады.

 

Материалдардың ғылыми мазмұны мен жазылуына автор жауапты. Баяндаманың рәсімделуі, орындалуы  талаптарға сәйкес болмаса және конференция тақырыбымен сәйкес келмесе немесе белгіленген мерзімнен кейін тапсырылса,  баяндама қарастырылмайды және қайтарылмайды.

 

Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушылар есебінен жүргізіледі. 

 

Ұйымдастыру сұрақтары 

Конференцияға қатысу жарнасы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 3000 теңге, басқа мемлекет азаматтары үшін 30 АҚШ долларын құрайды. Докторанттар, аспиранттар мен магистранттар үшін қатысу жарнасы 2000 теңге немесе басқа мемлекет азаматтары үшін  20 АҚШ долларын құрайды.

 

Ұйымдастыру жарнасы аты-жөні және «Конференция-2021» белгіленуі көрсетілген, Алматы технологиялық университетінің банк шотына қабылданады.

 

Төлем реквизиттері:

АҚ «Алматы технологиялық университеті»,
050012, Алматы қ., Төле би к., 100
АҚ «Банк Центр Кредит»,
БИН 990840000359,
БИК KCJBKZKX,
КБЕ 17. 

 

Есеп шоты:

Теңгемен есептесу үшін:
ИИК KZ 878560000000011134
Ресей рублімен есептесу үшін:
ИИК KZ978560000000396723
USD-мен есептесу үшін (доллар):
ИИК KZ978560000000517280 

 

Конференцияның негізгі мерзімдері
Сайтта тіркелу және баяндама ұсыну - 2021 жылдың 01  қазанына дейін;
Ұйымдастырушылық  жарнасын төлеу - 2021 жылдың 15 қазанына дейін.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:
050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ,  Төле би көшесі, 100
Алматы технологиялық университеті

Бас оқу ғимараты, 6 қабат, 617 каб. 
Тел. +(727) 293-53-10 (ішкі 178,243), факс +(727)293-52-92,
E-mail: conference@atu.kz

Конкурстар

СТАРТАП / START UP ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

 

START UP - бұл жаңадан құрылған (мүмкін әлі де заңды тұлға емес) даму сатысында тұрған және өз бизнесін жаңа инновациялық идеялар негізінде құрған немесе жаңа пайда болған технологиялар негізінде құрылған компания. Жаңа стартап құру үшін негізгі ресурс-жақсы жаңашыл идея.

"START-UP ATU-2022" жобалар байқауы  2021 жылдың 15 қарашасы мен 2022 жылдың 22 сәуірі аралығында өтеді және үш кезеңді құрайды.

 

"START-UP ATU-2022" жобалары байқауының негізгі мақсаттары:

- АТУ дамуының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ғылыми, кәсіпкерлік және зерттеу қызметінде студенттер, магистранттар, докторанттар, ПОҚ белсенділігін арттыруға ықпал ету;
- Университет студенттері, магистранттары, докторанттары және ПОҚ арасындағы өзара қарым-қатынас формаларын кеңейту және өзара байланысты дамыту;
- Ғылым мен өндірістің түрлі саласындағы мамандардың қатысуымен қолданбалы, ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің практикалық мүмкіндіктерін көрсету.

 

Бірінші кезең (факультетішілік) - Start-Up жобасының тұжырымдамасын әзірлеу, "START-UP ATU-2022" жобалар конкурсына қатысуға өтінім беру және рәсімдеу (15 қарашадан 2022 жылдың 14 ақпанға дейін). Бірінші кезең факультетте өткізіледі. Үздік жобалар 21.02.2022 ж. дейін факультеттердің ҒӘК отырысында қаралады және бекітіледі.

Екінші кезең (университетішілік) – болашақ  Start-Up жобаларын таныстыру және іріктеу, ҒТК (Ғылыми-техникалық Кеңес) мүшелерінің қатысуымен 2022  жылғы 28 ақпанында өтеді.

Үшінші кезең (финал) -  2022 жылғы 18 сәуірде Start-Up жобаларын "START-UP ATU-2022" жобалар конкурсының сараптамалық кеңесінің алдында таныстыру, Start-Up жобаларымен жұмыс жасауда үздік нәтижелерге қол жеткізген жеңімпаздарды анықтау.

 

22 сәуір 2022 жылы "Ғылым. Білім. Жастар" Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында "START-UP ATU-2022" жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Байқау жеңімпаздары Start-Up жобаларын іске асыру үшін бизнес серіктестері мен басқа да инвесторлардан гранттар алады.

 

Жобалар жарысына қатысуға инновациялық бизнес-идеялары бар студенттер, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар мен университеттің ПОҚ шақырылады.

"START-UP ATU-2022" жобалар конкурсының қатысушылары мен шарттары туралы толығырақ ақпаратпен "START-UP ATU-2022" «Жобалар конкурсын өткізу туралы ереже»  сілтемесі бойынша танысуға болады.

 

Стартап жобалар конкурсын өткізу туралы ереже

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының ғылым, мәдениет және өнер саласы бойынша студенттік стипендиясына арналған республикалық конкурстың жеңімпазы - Томирис Алданаеваны құттықтаймыз!

 

Қазақстанның 80 студенті үздік оқуы, оқу орнының ғылыми және шығармашылық өміріндегі белсенділігі үшін Қордың жеке стипендиясын алатын болды. Байқауға 500-ге жуық өтінім келіп түсті.

 

Конкурс комиссиясының шешімімен АТУ «Жеңіл өнеркәсіп және дизайн» факультеті, «Дизайн» кафедрасының студенті Алданаева Томирис Мұханбетқалиқызы жеңімпаздардың бірі болып танылды.

 

Томирис Алданаева: «Тұңғыш Президент Қорына, сондай-ақ Алматы технологиялық университетіне шығармашылық және ғылыми жастарға зор қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді. Тұңғыш Президент Қорының стипендиаты атану – мен үшін үлкен мәртебе, өз шығармашылық жоспарларымды, идеяларымды жүзеге асыруға және кәсіптік биіктіктерге жетуге мықты мотивация болып табылады».

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Инклюзивтік инновациялардың консорциумы» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

 

Гранттық бағдарламаның мақсаты — жоғары әлеуметтік маңызы бар коммерциялық тұрақты инновациялық жобаларды құру және енгізу үшін ғылым мен бизнестің күш-жігерін біріктіру. Портал арқылы өтінімдер қабылдау 2018 жылдың 25 қазанында басталады және Астана уақытымен 18 сағат 00 минутта 2018 жылдың 10 желтоқсанында аяқталады.

 

Грант бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты www.fpip.kz сайтында «Инновациялық консорциум» бөлімінде «Инклюзивтік инновациялардың консорциумы» грант бағдарламасы бойынша анықтамалықта табуға болады.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер www.fpip.kz сайтында ағылшын, қазақ және / немесе орыс тілдеріндегі электронды портал арқылы қабылданады. Өтінішті ағылшын тілінде толтыру міндетті болып табылады, өйткені жобаларды сараптауды ағылшын тіліндегі халықаралық сарапшылар жүзеге асырады. Өтініш берушілер Грант бағдарламасының нұсқаулығының барлық талаптарына мұқият танысып, оны сақтауы керек.

 

Бағдарлама басшылығы

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры — Елбасы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры — Елбасы Қорының» жүлдесі үшін үздік ғылыми зерттеулер мен Қазақстан Республикасы жас ғалымдарының ғылым мен техника саласындағы жетістіктері туралы хабарлайды. Байқауға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.


Конкурстық құжаттамаға сәйкес әзірленген конкурстық материалдарды қабылдау 2018 жылдың 20 желтоқсанына дейін Ғылым Департаментінде (№717 каб., Тел. 178) өткізіледі.


Конкурс ережелері  - Сілтеме бойынша өту

«СТАРТ - АТУ - 2019» жобаларының байқауы 2019 жылдың 12 қарашасынан 26 сәуіріне дейін жүргізіледі және үш кезеңде өткізіледі.

 

Бірінші кезең (жоба бойынша) - жобаны іске қосу тұжырымдамасын әзірлеу, 2018 жылғы 11 қарашадан бастап 2019 жылғы START-UP жобасына қатысуға өтінімдерді ресімдеу және тапсыру, бірінші кезеңді кафедрада және зертханаларда өткізу. Үздік жобалар NMS факультетінің отырысында 02.22.2019 дейін қарастырылып, бекітіледі.
Екінші кезең (университет ішіндегі) - перспективалық іске қосу жобаларын таныстыру және іріктеу 2019 жылдың 26 ​​ақпанында НТС және тәлімгерлердің қатысуымен өтеді.
Үшінші кезең (финал) - 2019 жылдың 19 сәуірінде START-UP АТЭ-2019 жобасының байқауының сараптамалық кеңесіне дейін іске қосылатын жобалардың тұсаукесері, екінші кезеңнен кейін іске қосылатын жобалар бойынша ең жақсы нәтижелерге қол жеткізген жеңімпаздарды анықтау.

 

2019 жылдың 26 ​​сәуірінде «Ғылым» жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында. Білім беру Жастар »жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. АТУ-2019 жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. «ATU-2018» START-UP жобасының байқауының жеңімпаздары бизнес-серіктестерден және басқа инвесторлардан шағын инновациялық кәсіпорын құру бойынша бастапқы жобаны іске асыру үшін гранттар алады.

 

Жобалар байқауына қатысу үшін студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, жас ғалымдарға және университеттің жас оқытушыларына инновациялық бизнес идеялары бар жас шектеусіз шақырылады.

 

Қатысушылар түпнұсқалық, жоғары технологиялық және коммерциялық тұрғыдан перспективалық бастаушы жобаны құру міндетін қойды. Қатысушылар әлеуетті инвесторды немесе бизнес-серіктесті табуға мүмкіндік алады.

 

НЕМЕСЕ БАСТАУ / БАСТАУ НЕ?
Старт - жаңадан құрылған компания (тіпті заңды тұлға болмаса да), ол даму сатысында тұр және өз қызметін жаңа инновациялық идеялар негізінде немесе жаңадан пайда болған технологиялар негізінде жасайды. Жаңа бастауды құрудың негізгі ресурсы - жақсы инновациялық идея.

 

«СТАРТ - АТУ - 2019» байқауының негізгі мақсаттары:

  • АТУ даму мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес студенттер, магистранттар, докторанттар, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми, кәсіпкерлік және ғылыми-зерттеу қызметінде белсенділігін арттыру;
  • студенттер, магистранттар, докторанттар мен университеттің оқытушылары арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамыту және жеке тұлғааралық қарым-қатынас нысандарын кеңейту;
  • Ғылым мен өндірістің түрлі салаларындағы мамандардың қатысуымен қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелердің практикалық мүмкіндіктерін көрсету.

 

«СТАРТ - АТУ - 2019» жобалық байқауының қатысуы мен шарттары туралы қосымша ақпаратты сілтемеден табуға болады - Жүктеу.