Хабарландыру

«Алматы технологиялық университеті» АҚ ашық бос жұмыс орны туралы хабарлайды

«Алматы технологиялық университеті» АҚ ашық бос жұмыс орны туралы хабарлайды.

Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы.
Негізгі талаптар:

– «Журналистика», «Тарих»; «Филология»; «Саясаттану»; мамандығы бойынша жоғары білім;
– жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
– тәжірибелі қолданушы деңгейінде компьютерлік техникамен жұмыс істеу дағдылары.

Лауазымдық міндеттері:
– университет туралы жаңалықтар, мақалалар және басқа материалдар шығару үшін ақпараттық кездесулердің тұжырымдамасы мен жоспарларын жасау;
– журналистердің уғиверситеттегі ресми іс-шараларға, баспасөз конференцияларына, брифингтерге, университет қызметкерлерінің БАҚ өкілдерімен сұхбаттарына қатысуын ұйымдастыру;
– мақсатты, ғылыми және білім беру бағдарламалары мен арнайы жобаларға ақпараттық қолдау көрсету бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен келіссөздер ұйымдастыру.

Түйіндемелер электронды мекен-жайға қабылданады:
e-mail___oup_atu@mail.ru, atu.kz2020@mail.ru «лауазым атауы» деп белгілеумен.
Қосымша ақпарат алу үшін 8(727) 2935298, 2935284 (ішкі 171, 137) қоңырау шалуға болады.