Menu Close

«Инжиниринг және ақпараттық
технологиялар» факультеті

1957 жылдан бастап білім беру дәстүрлері

ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫ

Усупов Сабий Сейтказиевич

Құрметті талапкер!

«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетінің сайтына қош келдіңіз!

Факультетте ақпараттық технологиялар, технологиялық машиналар мен жабдықтар, автоматтандыру және басқару және кәсіптік оқыту саласында бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.

Негізгі пәндерді терең меңгеріп және болашақ мамандығы бойынша теориялық білім алумен қатар, біз студенттердің бейіні сәйкес келетін кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ, кафедра зертханаларында жүргізілетін тәжірибелік дайындығына ерекше мән береміз.

Біздің студенттеріміз үшін шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында, қос диплом бағдарламасы бойынша білім алу қарастырылған; студенттердің шетелден арнайы шақырылған және жетекші отандық профессорлардан дәріс алуға мүмкіндіктері бар.

Біз ұсынатын кең мүмкіндіктердің арқасында «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетінің түлектері түрлі қызмет салаларында сұранысқа ие.

Біз әрқашан дарынды және мақсатты жастарды қуана қарсы аламыз және сізді факультет студенттері қатарынан көреміз деген үміттенеміз.

 

ФАКУЛЬТЕТ ҚҰРАМЫ: