Жаңалықтар

Нұрлан Қаппаров атындағы стипендия тағайындау туралы

Өз университетіңмен байланыс, оның әр шарасына қатысу және корпоративті мәдениет пен ынтымақты қалыптастыру университет түлектерінің асыл миссиясы.

Түлектер қауымдастығы мен Қамқоршылық кеңестің бастамасымен Алматы технологиялық университетінде құрылған ATУ Эндаумент корпоративтік қоры түлектерден, іскери серіктестерден қаржы ресурстарын жинап, дарынды жастар мен ғылыми зерттеулерді қолдауға инвестиция құяды.

Біз АТУ түлегі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, кәсіпкер Нұрлан Каппаровтың әйелі Каппарова Гаухар Сәрсекенқызына, АТУ Эндаумент Қорына қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз.

Қордың жарнасы мен мақсатты капиталдан түскен инвестициялық кіріс Нұрлан Қаппаров атындағы стипендиямен дарынды студенттерді қолдауға жұмсалады.

Стипендияның шарттары жақын арада жарияланады.