• РУС
  • ҚАЗ
  • ENG

Алматы технологиялық университеті – Қазақстан Республикасының тағам және жеңіл өнеркәсібі саласында ғылым және білім берудің жетекші орталығы.

Іргелі және қолданбалы жұмыстарды кеңейту, оларды әлемдік қолдау және ынталандыру аймақ және мемлекеттер үшін приоритетті мәні бар, ғылыми–техникалық бағдарламаларды және жалпы ұлттық мәні бар жобаларды орындауға негізделген, университеттің негізгі ғылыми саяси бағыттарының бірін құрайды.

Университеттің негізгі миссиясына,өзінің қызметі үдерісінде жүзеге асатын және ғылыми мектептерді ескере отырып, сонымен қатар мақсаттары және міндеттеріне сәйкес, университетте негізгі бағыттары бойынша кадрларды дайындау бойынша жүргізілетін іргелі және қолданбалы зерттеу негізінде ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары анықталған. Бұл бағыттар тұтастай Республиканың дамуы приоритеттері мен мақсатына байланысты анықталған:

  • Өсімдіктектекті және жануартекті шикізаттарды қайта өңдеу және сақтаудың техникасы және технологиясы;
  • Емдік – профилактикалық функционалды тағам өнімдерінің инновациялы технологиясы;
  • Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп бұйымдары технологиясының және жобалаудың инновациялы әдістері;
  • Тағам өнімдерінің биотехнологиялық, химиялық және экологиялық аспектілері;
  • Тағам өнімдері және азық –түлік емес тауарлардың қауіпсіздігі;
  • Тағам және жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындары дамуының экономкиалық механизмін және басқаруды жетілдіру.
 

Алматы технологиялық университетінің–зерттеу университетінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, даму бағдарламасында көрсетілген, және ғылыми мектептерді ескере отырып, мамандарды, зерттеушілерді және ғылымның жетістігі негізінде ғылыми–педагогикалық жоғары кәсіби кадрларды дайындауда ғылыми – білім беретін орталық ретінде бағытталған:

  • іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындау есебінен ғылымды дамытуға, мамандарды дайындаудың негізі ретінде ғылыми мектептерді бекітуге;
  • оқу және ғылыми үдерістердің бірлігін бекітуге, ғылыми зерттеулерге ПОҚ белсенді қатысуына және ғылыми ұжымның қызметіне білім алушыларды кеңінен тартуға;
  • оқу үдерісінде, жоғары мамандандырылған кадрларды дайындауда, мамандарды қайта даярлауда және жаңа мамандықтарды, ғылыми мектептерді, бағыттарды дамытуда ғылыми қызметтің нәтижесін белсенді пайдалану негізінде профессор – оқытушылық және ғылыми қызметкерлердің кәсіби деңгейін үнемі арттыруға;
  • халықаралық ғылыми ынтымақтастықты және халықаралық ғылыми ұйымдарға, фондтарға, бағдарламаларға қатысуды кеңейтуге, ғылыми – техникалық өнімдер және жоғары технологиялық әлемдік нарықта жоғары оқу орындары зерттеулерінің бәскеге қабілеттілігін арттыруға;
  • кәсіби және арнайы мамандарды дайындау деңгейін арттыруға, жоғары мамандандырылған ғылыми – педагог қызметкерлерін дайындауға. Бағдарламаның негізгі мақсаттарын жетілдіру үшін келесі міндеттер шешілуде: алдыңғы білімдер негізін арттыру, бейінді салалардың дамуының приоритетті бағдарламасы бойынша, олардың бәскеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру және қалыптастыру. инновациялы патенттер алумен өндіріске енгізілген, ҒЗЖ нәтижелерінің санының артуымен ғылыми зерттеулердің инновациялығы артады.

Республикамыздың тағам және жеңіл өнеркәсібі саласының ғылыми қызметінде университеттің жетекші ұстанымын табысты бекіте отырып, университетте 3 Ғылыми – зерттеу институт жұмыс істейді: өзінің құрамында 4 күрделі ғылыми – зерттеу зертханасы бар, тағам технологиясының Ғылыми – зерттеу институты және жеңіл өнеркәсібінің күрделі Ғылыми – зерттеу институты, сонымен бірге аккредиттелген «Тағам қауіпсіздігі» сынамалы зертханасы бар, тағам қауіпсіздігінің Ғылыми – зерттеу институты. Университет базасында №67 «Жаңа кезеңнің тағам өнімдері және технологиясы» стандартизациясы бойынша ИСО ТК № 34 «Тағам өнімдері» Халықаралық техникалық комитеті мүшелігіне толық құқылы Техникалық комитет жұмыс істейді. Унивсерситетті зерттеу унивсерситеті ретінде қалыптастыруда ғылым және технология дамуының приоритетті бағыты бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізудегі практикалық міндеттер қойылады.

Ғылыми өзекті мәселелерді зерттеу және ғылыми мәселелерді шешу үшін жас ғалымдардың және мамандардың күшін нығайту мақсатымен университетте Жас ғалымдардың кеңесі (ЖҒК) жұмыс істейді. Университет жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Фондымен белгіленеді: Бұл жетістіктер тұтастай университет беделін және жас ғылымның мәртебесін дамытуға және қолдауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісімді ҒЗЖ орындалуы. Орындалатын ғылыми зерттеудің негізгі көлемі іргелі зерттеулердің (70%-ға дейін) үлесіне, сонымен қатар тәжірибелік – құрастырымдық жұмыстардың (30%-ке дейін) орындалуына тиесілі.

Мемлекеттік және шаруашылық келісімді қаржыландырылатын ҒЗЖ жоспарына сәйкес, 2015 жылы университетте қаржыландырылатын ҒЗЖ орындалуда, ол ҒЗЖ барлығы – республикалық және халықаралық бағдарламалар мен жобаларға кіретін мемлекеттік бюджеттік, сонымен қатар ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландырылатын ҒЗЖ.

СМЖ Уақытша ғылыми ұжым туралы ереже

Ереже STARTUP

Ғылым басқармасы ережесі

Зияткерлік меншік туралы ереже

Ғалым этикасы кодексі