• РУС
  • ҚАЗ
  • ENG

Алматы технологиялық университетінің он үш қабатты әкімшілік ғимараты Алматы қаласының орталығында, Төле би және Ахмет Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан. 2017 жылы оқу ордасына 60 жыл толады. Қызмет еткен жылдары АТУ баға жетпес кадрлық және ғылыми әлеуетін жинақтап, қуатты материалдық-техникалық базасын қалыптастырды, тағам және жеңіл өнеркәсіп салалары үшін жоғары білімі бар 50000-нан астам мамандар даярлап шығарды. АТУ түлектері бүгінде Қазақстан Республикасының түпкір-түпкірінде және көптеген шет елдерінде жұмыс істеп жатыр. Олар Қазақстанның және еңбек етіп жатқан елдердің экономикасы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлестерін қосуда.

Ал университетіміздің тарихы былайша басталған еді…

1957

10 мамыр. КСРО азық-түлік тауарлары өнеркәсібі министрлігінің және КСРО Жоғары білім министрлігінің № 155/548 бірлескен бұйрығымен Инженерлік-техникалық қызметкерлері мен басшыларын жетілдіру институтының Алматы филиалы КСРО Жоғары білім Министрлігінің қарауына беріліп, Бүкілодақтық тағам өнеркәсібі сырттай институтының Алматы филиалы болып құрылды.

1966

4 маусым. РКФСР Министрлер Кеңесінің №1501 Өкімімен Жалпыодақтық тағам өнеркәсібі сырттай институтының Алматы филиалы Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының қарауына берілді.

1966

11 тамыз. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №1365-р Өкімімен Бүкілодақтық тағам өнеркәсібі сырттай институтының Алматы филиалы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалы болып өзгертілді (ЖЖТӨТИ АФ).

1976

16 желтоксан Технологиялық университет ғимаратының іргетасын алғашқы бетонмен құю сәті.

1996

7 мамыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №573 Қаулысымен Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалы Алматы технологиялық институты (АТИ) болып қайта құрылды.

1999

18 тамыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1192 Қаулысымен Алматы технологиялық институты коммерциялық емес ұйым ретінде «Алматы технологиялық университеті Жабық акционерлік қоғамы (АТУ ЖАҚ) болып қайта құрылды.

2003

15 желтоқсан. Қазақстан Республикасының № 415 ІІ 2003 жылғы 12 мамырдағы Акционерлік қоғамдар туралы Заңы негізінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен (хаттама №14) Алматы технологиялық университеті жабық акционерлік қоғамы Алматы технологиялық университеті акционерлік қоғамы (АТУ АҚ) болып қайта құрылды.

Екі мыңыншы жылдардың басы Алматы технологиялық университетінің ірлегі дамып, өркендеген кезеңі болды. Бірақ кез келген оқу ордасы, бірінші кезекте, онда жұмыс істеп жатқан адамдардың арқасында өнімді қызмет ететіні белгілі. Оқу ордасында жұмыс істеген көптеген адамдардың, жоғары оқу орнының қалыптасуының университеттік кезеңіне дейінгі басшылардың еңбегі АТУ-дың қалыптасуының негізінде жатыр. Бүгін біздің оқу ордамыздың өркендеуіне зор үлес қосқан ЖЖТӨТИ АФ бұрынғы директорлары есімдерін аса ризашылықпен еске аламыз. Олар:

1958-1969 жылдары: Бүкілодақтық тағам өнеркәсібінің сырттай оқыту институтының директоры, 1966 жылдан бастап Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалының алғашқы директоры, т.ғ.к., доцент Баймедин Хажетден;

1969-1973 жылдары: Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалының директоры техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмағұлова Лаура Имамғазықызы;

1973-1986 жылдары: Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалының директоры, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Есқайыров Маху Есқайырұлы;

1986-1993 жылдары: Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалының директоры Сағындықов Кеңес Кұрманбекұлы;

1993-1994 жылдары: Жамбыл тамақ және жеңіл өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мамыров Нұрғали Кұлшыманұлы.

1994 жылы ЖЖТӨТИ Алматы филиалының директоры болып химия ғылымдарының докторы, профессор Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы тағайындалады,1996 жылдан Филиал негізінде құрылған Алматы технологиялық институтына басшылық етеді. 1999 жылдан ол институт негізінде құрылған Алматы технологиялық университетіне басшылық жасайды.

1957 жылы Бүкілодақтық тағам өнеркәсібі сырттай институтының Алматы филиалының құрылуы Қазақ КСР-і мен сол кездегі Одақтас мемлекеттің халық шаруашылығының өзекті мәселелерінен туындады. 1957-1958 жылдар Қазақстанның жеңіл және тағам өнеркәсібі салалары үшін мамандар даярлау қажеттілігіндегі шешуші белеске айналды. Оның алғышарты ретінде республиканың аграрлық-өнеркәсіп кешенін, жалпы ел экономикасын екпінді дамыту қажеттіліктері тұрды. Жаңа өлшемдегі өмір басталды, ауқымды міндеттер шешіле бастады. Осыған орай 1964 жылы БТӨСИ Алматы филиалына Алма-Ата қаласының орталығындағы Коммунистік (бүгінгі Абылай хан) көшесі мен Мәметова көшесінің қиылысындағы жалпы көлемі 3052 кв. метр құрайтын төрт қабатты ғимарат берілді. Алғашқы оқу аудиториялары мен зертханалар ашылған болатын. 1966 жылы БТӨСИ диірмен шаруашылықтары, нан зауаыттары, сыра қайнату және ликер-арақ, шампан шараптары зауыттары, ет-сүт комбинаттары, кондитер және макрон фабрикалары, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру нысандары үшін жергілікті мамандар даярлау мақсатында Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының филиалына айналды. ЖЖТӨТИ АФ-на алғашқы қабылдау және Филиалдан түлектер шығару 400-ге жуық адам құрады.

1970 жылы Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалына Киров (бүгінгі Бөгенбай батыр) көшесінің қиылысындағы Фурманов көшесінің бойындағы П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге тиесілі болған тағы бір ғимарат берілді.

1987 жылы ЖЖТӨТИ АФ-на Алматы қаласында қызмет еткен ЖЖТӨТИ-ның Жалпытехникалық факультеті қосылып, осы уақыттан бастап Юрий Гагарин атындағы тігін фабрикасы, Қарағанды шұлық-ұйық фабрикасы, Алматы кілем комбинаты, Алматы мақта-мата комбинаты үшін жеңіл және тоқыма өнеркәсібі бойынша мамандар даярлай бастайды.

Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалындағы алғашқы Арнаулы технологиялар кафедрасы 1967 жылы ашылған болатын. Бүгін ол Астық өнімдері және өңдеу өндірістерініңтехнологиясы деп аталады. Кафедра 1971 жылдан бастап мамандар шығарады және оқытудың барлық кезеңі ішінде 4000-нан астам мамандарды даярлады. Сол жылдары кафедрада небәрі 4 оқытушы, соның ішінде 1 доцент жұмыс істеді. Бүгінде кафедра құрамында 16 оқытушы, соның ішінде 2 техника ғылымдарының докторы және 14 ғылым кандидаттары бар. Кафедраға әр жылдары жетекшілік еткен техника ғылымдарының кандидаттары, доценттер Жұмағұлова Лаура Имамғазиқызы, Баярстанов Төлеубек Жүсіпұлы, Идгеев Бахтығали Қаирғалиұлы, Росляков Михаил Григорьевич, Байболов Кемербек Байболұлы оның дамуына өлшеусіз үлес қосты.

1960-шы жылдары Филиал оқытушыларың штаты 27 адамды құрады, оның ішінде 9 доцент, 5 аға оқытушы, 13 ассистент болды. Бұл жылдар жас оқу орнын ұйымдастыру мен ұжымды басқару тәжірибесін жинақтау кезеңі болды. 1970-шы жылдардың басына қарай Филиалда 66 адам жұмыс істеді, оның ішінде 21 ғылым кандидаты, 18 доцент, 23 аға оқытушылар. КОКП тарихы, философия және ғылыми коммунизм, Саяси экономия, Химия, Физика, Жоғары математика және графика, Шет тілдері, жалпы инженерлік пәндер, Теориялық және техникалық механика сияқты жаңа кафедралар ашылды. Бұл жылдар ғылыми зерттеулердің түрлі бағыттарының қалыптасуымен де ерекшеленеді. Даярланатын мамандықтар саны, студенттер контингенті, тиісінше барлық санаттағы қызметкерлердің саны да арта түсті.

1980-шы жылдар профессорлар-оқытушылар құрамының сапалық және сандық өсімімен ерекшеленді. Оқытушылар біліктілікті жоғарылатуға, аспирантура мен докторантурада оқу үшін Мәскеу, Ленинград, Кемерово қалалары мен КСРО-ның басқа қалаларының жоғары оқу орындарына жіберілді. Ресейлік жоғары оқу орындарында кандидаттық диссертацияларды белсенді қорғау басталады: Байболов Кемербек, Дайрашева Светлана, Жұмабекова Злиха, Қизатова Майгүл, Аленова Даметкен, Оңғарбаева Нұрлаим, Сұрашов Ағабек, Бекдаирова Гүлғайша, Ибрагимова Людмила және басқалар.

Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының тағы бір ерекшелігі, осы кезеңде Филиал айрықша мәртебеге ие болып, ЖЖТӨТИ-ның дербес бөлімшесі ретінде жұмыс істеді. Біртіндеп автономды филиалдың өндіріспен байланысы нығая түсті. Қала кәсіпорындарымен студенттердің тәжірибелік және зертханалық сабақтарын және өндірістік тәжрибелерін солардың алаңдарында өткізу туралы алғашқы келісімшарттар жасалды. Филиалдың қалыптасуы мен дамуының осы елеулі кезеңінде бас жоғары оқу орны Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтына химия ғылымдарының докторы, профессор Мұхаметқалиев Тасболат Марденұлы басшылық жасады. 2000 жылдан бастап ол АТУ-да түрлі әкімшілік-басқару қызметтерінде еңбек етуде.

1987 жылы Филиал кафедрларының бірі бөлігі Комсомольская (бүгінгі Төле би) көшесі бойындағы жаңа көпқабатты ғимаратқа көшеді. 90-шы жылдардың басына таман АТУ-дың үш оқу ғимараты мен студенттік жатақханасы болған. Осы уақытта Филиалда 3 факультет: Тұрмыстық қызмет көрсету, Астық өнімдері және Тағам өндірістері факультеттері және 18 кафедра: Социализм тарихы және теориясы (т.ғ.д., профессор Кенжебаев Мухан); Саяси экономия және философия (э.ғ.к., доцент Жемісов Молдахмет); Жоғары математика (ф-м.ғ.к., доцент Бирюкова Фрида); Экономика және өндірістерді ұйымдастыру (э.ғ.к., доцент Жақсыбергенов Әбілқасым); Инженерлік графика (т.ғ.к. Оспанов Әбдіманап); Дене тәрбиесі және азаматтық қорғаныс (п.ғ.к. Гринюк Лариса); Жеңіл өнеркәсібі мен тұрмыстық қызмет көрсету технологиялары мен жабдықтары (т.ғ.к., доцент Хромцов Сергей); Нан пісіру, макарон және кондитер өндірістерінің технологиясы (т.ғ.к., доцент Жұмабекова Злиха); Теориялық және қолданбалы механика (т.ғ.к., доцент Ямщиков Игорь); Физика (ф-м.ғ.к., доцент Ретивов Николай); Астықты сақтау және қайта өңдеу технологиялары (т.ғ.к., доцент Росляков Михаил); Жалпыинженерлік пәндер (т.ғ.к., доцент Тоқбаев Мұсахан); Тағам өндірістерінің технологиялары (т.ғ.к., доцент Садықов Әділхан); Тағам өндірістерінің машиналары және аппараттары (т.ғ.к., доцент Сұрашов Ағабек); Автоматика және есептеуіш техникасы (т.ғ.к., профессор Бекбаев Амангелді); Орыс және шетел тілдері (ф.ғ.к., доцент Ергазиева Нарима); Неорганикалық және аналитикалық химия (х.ғ.д., профессор Омаров Төлеутай); Органикалық және физколлоидтық химия (х.ғ.д., доцент Амриев Ракиш) кафедралары жұмыс істеді.

1996 жылы дербес жоғары оқу орны мәртебесін алған Алматы технологиялық институтында төрт факультет: Дизайн және қызмет көрсету, Астық өнімдерінің технологиясы, Тағам технологиялары және Экономикалық факультеттері қалыптасады. Мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультеті және даярлық бөлімі ашылады. Институт оқытушылары докторлық диссертациялар қорғай бастайды: Мақашева Ғалия, Ізтаев Әуелбек, Еркебаев Мұрат, Рскелдиев Бердіқұл. Олар АТУ-да жұмыс жасап жатқан алғашқы ғылым докторлардың бірі болды. Университет түлектері ішінен алғашқы техника ғылымдарының докторы Үсембаева Жібек болды.

1990-шы жылдардың екінші жартысы АТУ-дың алыс және жақын шет елдерінің жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстар орнатумен сипатталады. Оқытушылар мен қызметкерлердің шет елдерде тағылымдамадан өтулері туралы келісімшарттар жасалды: Сән университеті Урбино қ., Италия (Жілісбаева Раушан, Уалиев Кахар, Жаунгарова Асия, Раева Дана), Хайдерабад және Майсур қалаларының университеттері, Үндістан (Орынғалиева Нурия, Еспаева Клара, Кенжебаев Берік. Студенттермен халықаралық алмасу іске қосылады: АТУ-да студенттер Земенек Томас (Чехия, 1998 ж.) және Флориян Зюс (Германия, 1999 ж.) білім алады. Университет шет елдік студенттерді қабылдай бастайды. Ондай алғашқы студенттер университетімізді сәтті аяқтаған Түркия, Қытай Халық Республикасы, Моңғолия елдерінің жастары болды. Алыс шет елдерге оқытушылар мен қызметкерлер оқуға жіберіледі: Түркия Республикасына Ахметбек Марал, Америка Құрама Штаттарына Кенжебаев Берік, Италияға Кауменова Аида және Кучарбаева Қалдыгүл. Студенттік алмасу бойынша АТУ-да Германиядан келген Франк Ферстера білім алады.

Жоғары оқу орнының негізгі кадрлық құрамы 2000-шы жылдардың басынан, яғни институт университетке айналған кезден кейін қалыптасты. Сол кезеңде университетте жұмыс істеген х.ғ.д., профессор Мұхаметқалиев Тасболат Марденұлы (бірінші проректор), э.ғ.д., профессор Нәрібаев Көпжасар Нәрібайұлы (оқу-әдістемелік жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор), х.ғ.д., профессор Мақашева Ғалия Рақымжанқызы, т.ғ.д., профессор Медведков Евгений Борисович, ғылым кандидаттары, доценттер: Батхолдин Қалтай Сейітқажыұлы, Сатвалдинова Амиля Ғаббасқызы, Есайдар Үрзада Серімқызы, Зарицкая Надежда Евгеньевна, аға оқытушы Маметова Зухра Қасымқызы және тағы басқалар оқу ордасының дамуына зор үлес қосты.

Университет ұжымының ардагерлері Бабкин Геннадий Николаевич, Бороздин Михаил Яковлевич, Клунный Павел Пантелеевич, Омаров Сабден, Акимжанов Мухит, Плеханов Лев Георгиевич, Жангозин Шакир, Бесшапов Павел Сергеевич, Бижанов Кудус, Жолдасов Сайдаш, Байков Алексей Андреанович, Горанько Михаил Иванович, Бобеев Абдрахман, Булабаев Тунгишбек және тағы басқалар сияқты 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың ұзақ жылдар бойы олармен бірге еңбек етіп, студенттерді оқытып, тәрбиелегегенін мақтан тұтады.

Екі мыңыншы жылдары университет материалдық-техникалық базасын мақсатты түрде нығайтады, үш оқу ғимаратын, 2245 орындық бес жатақхананы, жабық және ашық спорт кешендерін, үлкен акт залын және тамақтандыру комбинатын пайдалануға береді. Барлық ғимараттардың жалпы көлемі бүгінде 70 мың шаршы метр құрайды. Кітап және ақпараттық қорлары едәуір арта түсті, оқу сабақтары мен ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған заманауй зертханалар ашылады, ғаламдық ақпараттық желілерге кіру қамтамасыз етіледі, Tamos University Suite оқытуды басқарудың автоматты жүйесі енгізіледі, үш ғылыми-зерттеу институты: Тағам технологиялары жөніндегі ҒЗИ; Жеңіл өнеркәсібі проблемалары жөніндегі ҒЗИ және аккредиттелген зертханасы бар Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі ҒЗИ; Нан, Сүт және Ет орталықтары; магистранттарған мен докторанттарға арналған Ғылыми зертхана; АТУ жұмысының бейіні бойынша орта буындағы мамандар даярлайтын Технология-экономикалық колледжі (ТЭК) жұмыс істей бастайды. 2010 жылы университет оқу жоғары оқу орны жанында Ғылыми-технологиялық зерттемелерді коммерцияландыру Кеңсесін ашу жөніндегі ҚР Ұлттық инновациялық қорының байқауын жеңіп алды. Кеңсенің миссиясы университеттің аймақтық орналасқан жеріне сәйкес коммерцияландыру үдерісін тиімді басқаруды ұйымдастыру болды.

Екі мыңыншы жылдардың ортасында ректор Құралбек Құлажановтың бастамасымен университетте Қамқоршылар кеңесі құрылады. Еліміздің 25 жетекші кәсіпорындарының жетекшілері бүгінде АТУ Қамқоршылар кеңесінің мүшелері болып табылады. Бұл Кеңес бизнес пен жоғары оқу орны арасындағы қарым-қатынасты кеңейтуге және белсендетуге берік негіз жасады. Бүгінде көптеген кәсіпорындарда, ірі өндірістік компанияларда, ғылыми орталықтарда АТУ-дың мамандар даярлап шығаратын кафедраларының филиалдары бар.

Алматы технологиялық университеті (АТУ) тағам, қайта өңдеу, тоқыма және жеңіл өнеркәсібі салалары, сондай-ақ бизнес және қонақжайлылық индустриясы үшін мамандар мен ғылыми қызметкерлерді 60 жыл бойы даярлап келетін Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Жоғарыда аталған мамандар даярлау бағыттары бойынша АТУ Орталық Азия аймағында көшбасшы болып табылады. Университет Боллон декларациясының принциптерін жоспарлы түрде іске асыра отырып, 2010 жылы Magna Charta Universitatum (Университтердің Ұлы Хартиясына) қол қойған болатын. Еуропалық Университеттер Қауымдастығының 2014 жылғы 3 сәуірдегі шешімімен Алматы технологиялық университеті Еуропалық Университеттер Қауымдастығының (EAU) қауымдастырылған мүшесі ретінде тіркелген.

Өзінің негізгі қызметінде сапаға қол жеткізу, Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуы үшін мамандарды даярлау және қайта даярлау, сондай-ақ зерттеу университеттеріне тән заманауй инновациялық және кәсіпкерлік инфрақұрылымды қалыптастыру саласында АТУ-дың нақты белгіленген Саясаты мен Стратегиясы бар. АТУ-дың соңғы кезеңдегі кейбір жетістіктері мыналар:

  • Ұлыбританияның Бүкіләлемдік сапаны бақылау жөніндегі инспекциясының Moody International Certificationхалықаралық аудитінің ISO 9001 Сапа Менеджменті Жүйесінің (20015 ж.), «Русский регистр» және «IQNet» аудит жөніндегі халықаралық агенттіктерінің халықаралық сертификаттары алынды.
  • 2012-2013 жылдары АТУ кезекті мемлекеттік аттестаттаудан, сондай-ақ Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінде (ББСҚТҚА) халықаралық институционалды аккредиттеуден, ASIIN (Германия) Халықаралық Аккредиттеу Агенттігінде және Аккредиттеу және Рейтинг жөніндегі Тәуелсіз Агенттігінде білім беру бағдарламаларының (АРТА) мамандырылған аккредиттеуінен өтті. Университеттің әртүрлі білім беру деңгейлерінің барлық 48 білім беру бағдарламалары аккредиттелген болатын.
  • Ұлттық аккредиттеу орталығының Бас рейтингісінде АТУ республиканың үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірінші ондығына кіреді, ал тағам және қайта өңдеу, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі салаларының бейінді мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары рейтингісінде бірінші орындарды тұрақты иеленуде.

АТУ-дың ғылыми-педагогикалық ұжымы бұл 700-ден астам ғалымдар мен оқытушылар, олардың ішінде: халықаралық және ұлттық ғылым академияларының 19 толық құқықты мүшелері, 62 ғылым докторы, 167 ғылым кандидаттары мен 27 философия докторлары (PhD). АТУ-да тағам және жеңіл өнеркәсібі саласындағы 60%-ға жуық қазақстандық ғылым докторлары мен 40% ғылым кандидаттары еңбек етеді, бакалавриаттың 22, магистратураның 19, PhD докторантураның 11 және Технология-экономикалық колледджінің 17 білім беру бағдарламалары бойынша 9000-нан астам студенттер білім алуда. Көрнекті ғалымдар мен жас таланттарға берілетін мемлекеттік стипендияны 22 ғылым докторлары мен кандидаттары иеленді. 42 оқытушы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысыМемлекеттік грантына ие болды.

АТУ-дың басты игі бұл ұлттық экономиканың түрлі салалары үшін 50 мыңнан астам дайындалған жоғары білімді мамандар мен ғылыми-педагогикалық кадрлар. АТУ түлектері бүгінде көптеген алыс және жақын шет елдерінде еңбек етуде, мемлекеттік құрылымдарда, ел экономикасының нақты секторларының өнеркәсіп кәсіпорындары мен ұйымдарында жоғары қызметтер атқаруда. Ең бастысы, біздің оңдаған мың түлектеріміз отандық индустрияның бейінді салаларында технологиялық үдерістерді басқарып келеді.

Университет Еуропалық Одақтың TEMPUS, ERASMUS, FP-7 бағдарламаларына белсенді түрде қатысады. TEMPUS халықаралық бағдарламасы аясында Урбина және Анкона (Италия) университеттерінің, Копенгаген (Дания) университетінің серіктестерімен АТУ жанында екі мыңыншы жылдардың басында GADETКиім дизайны жөніндегі Оқыту орталығы қызмет етті.

Тағам қауіпсіздігі бойынша магистрлік оқу бағдарламасын әзірлеу атты TEMPUS бағдарламасы бойынша Ван Холл Ларенштейн (Нидерланды) Кәсіби білім беру университеті мен Гринвич Университетімен (Британия) бірлесе тағам қауіпсіздігі жөнінде магистрлік бағдарламаның стандарты әзірленген болатын. Қоғамдық-пайдалы университеттер құру атты TEMPUS бағдарламасы бойынша Еуродақ елдерінің (Бельгия, Чехия Республикасы, Финляндия, Литва, Испания, Германия) серіктестерімен бірлесе университетте Зерттеу және Инновациялық Даму Орталығы (REDIC) ашылған.

Университет ғалымдары қызметінің нәтижелілігіне, сондай-ақ АТУ-дың ғылыми-білім беру әлеуеті мен оның көшбасшылық позицияларының танылуына төмендегі жайттар куә бола алады:

  • ҚР БжҒМ бұйрығымен АТУ Азық-түлік өнімдері және биотехнология (BIO-NCP) тақырыптық бағыты бойынша Еуропалық Одақтың F7 бағдарламасының Ұлттық үйлестірушісі болып бекітілуі;
  • ҚР ИТМ бұйрығымен АТУ жанында Технологиялар және жаңа буындағы тағам өнімдері атты №67 Стантарттау жөніндегі Техникалық комитетінің құрылуы;
  • TEMPUS-1-2008 Еуропалық Одақ жобасы бойынша Зерттеу және Инновациялық Даму Орталығының (REDIC) құрылуы;
  • Мәскеу қаласындағы Ет және Сүт индустриясы Халықаралық форумының көрмелерінде (2008 жыл мен 2016 жылдар аралығы) жиырмадан астам алтын және 2 күміс медалін иелену;
  • Мәскеу қаласындағы Золотая осень Ресей Агроөнеркәсіптік ғылыми жетістіктер көрмесінде (2009 жылдан осы уақытқа дейін) жыл сайын алтын медальдарды иелену;
  • Қараөткел жәрмеңкесі (Астана, 2011 ж.) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық кешені жетістіктерінің Жәрмеңкесінде алтын медальға ие болу.

АТУ ғылыми-білім беру бағдарламаларын интернационалдандыру үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде білім алушыларға шет елдік жазғы тәжірибеден өтуге және Қос дипломдық бағдарлама жобасы бойынша оқудан өтуге, ал профессорлар-оқытушылар құрамына біліктіліктерін жетілдіру үшін шет елдік ғылыми тағылымдамалардан өтуге мүмкіндік береді. Қос диплом бағдарламасы бойынша АТУ студенттері мен магистранттары Вильдау қаласының (Германия) Қолданбалы ғылымдар техникалық университетінде, Познань қаласының (Польша) Қоғамдық тамақтандыру және қонақүй бизнесі академиясында, Сантьяго де Компостелла (Испания) Университететінде, R.D.T. (Швейцария) халықаралық институтында, Прага қаласының (Чехия) Химия-технологиялық университетінде, Пловдив қаласының (Болгария) Тағам технологиялары университетінде білім алуда. Ал INTER-CULTURE-TRAINING бағдарламасы бойынша АТУ студенттері Испания, Болгария, Чехия, Оңтүстік Корея және тағы басқа елдерінің серіктес университеттерінде жазғы кезеңде кәсіби тәжірибеден өту мүмкнідігіне ие.

Университет жұмысының деңгейі көбінесе оның негізгі құрылымдық бөлімшелері факультеттер мен кафедрлары қызметінің нәтижелеріне байланысты. Мәселен, бейінді құрылымдық бөлімшелерінің бірі Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті KITECH (Оңтүстік Корея) Өнеркәсіп технологиялары институтымен, Манчестер Метрополитен университетімен (Великобритания), Мәскеу дизайн және технологиялар университетімен және оның Новосибирьск технологиялық институтымен, Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсібі институтымен, Габрово (Болгария) техникалық университетімен халықаралық ғылыми және шығармашылық байланыстарын нығайтып келеді. Факультет оқытушылары Оңтүстік Корея, Италия, Ұлыбритания, Болгария, Ресей және ТМД-ның басқа елдерінің серіктес институттарында жыл сайын шет елдік тағылымдамалардан өтуде.

Факультет қызметкерлері халықаралық байқаулар мен көрмелерге белсенді қатысады. Факультет қоржынында IX ҰЛТТЫҚ ЖАСТАР ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫ» Республикалық байқауында Бейнелеу өнері және Web дизайн номинацияларында алынған екі алтын медаль; Сибирский Кутюрье (Ресей, Новосибирск қ.) халықаралық сәнгерлер байқауында иеленген «Этнос» және «Светский раут» номинациясындағы екі Диплом, «Серебряная пуговица» және Сапфировая пуговица номинациясындағы Бас жүлде; Food market-2014 Халықаралық көрмесіндегі алтын медаль; Сentral Asia Fashion-2013 Халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін Мадақтама қағазы бар. Факультеттің барлық білім беру бағдарламалары өткен оқу жылында ASIIN (Германия) халықаралық Аккредиттеу Агенттігінде және Білім берудегі Сапаны Камтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігінде (ББСҚТҚА) аккредиттау аудитінен сәтті өтті. Инжиниринг саласындағы Еуробакалавр құрмет белгісімен Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрыстырылуы білім беру бағдарламасы марапатталды. Тоқыма материалдарының жобалануы бағдарламасы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары Ұлттық рейтингісінде бірінші орындарды иеленуде.

Факультетте Қазақстан-Корея ғылыми-білім беру технологиялар орталығы, сондай-ақ Көркемдік Кеңес құрылған. Профессорлар Жылысбаева Р.О. (АТУ) және Хван, (Uniplatec, Оңтүстік Корея) ғылыми жетекшілігімен Жылуды ұстап тұратын тоқыма материалдарын әзірлеу атты бірлескен ғылыми жоба орындалуда.

Факультет түлектері: Айгүл Қасымова (Aigul Kassymova студиясы), Аида Кауменова (Aida KaumeNOWA Сән үйі), Салтанат Баймухамедова ( Salta Сән үйі), Зухра Абитова (Гардероб ательесі), Алена Ривлина (San Bell Сән агенттігі), Ирина Панюшкина (Look Сән агенттігі) дизайнерлік таланттары мен алған арнайы мамандықтары арқасында өркендеп келе жатқан қазақстандық сән бизнесінде лайықты орнын алды.

Біздің университет қонақүй және мейрамхана ісі саласындағы мамандарды даярлаудың бастамашысы ретінде отандық мамандарды әлемдік тәжірибенің үздік үлгілері негізінде даярлау мақсатында туризм және қонақжайлықтың жетекші шет елдік мектептерімен ынтымақтастық орнату бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. АТУ және Швейцариялық HTMI (Туризм және қонақүй менеджменті институты Hotel and Tourism Management Institut) 2014 жылы мамандарды бірлесіп даярлау туралы меморандумға қол қойды. Осылайша, бірлескен білім беру бағдарламасына қатысушы факультет студенттеріне негізінен Қазақстанда оқып жүріп, беделді еуропалық білім алып,

  • Туризм, қонақүй бизнесі менеджменті және шаралар ұйымдастыру мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін беру туралы HTMI (Hotel, Tourism and Events Management) Дипломының;
  • Туризм және Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін беру туралы АТУ Дипломының иегері атанудың бірегей мүмкіндігі беріледі.

Осы халықаралық білім беру бағдарламасына студенттерді алғашқы қабылдау 2014 жылы іске асырылған. Бағдарламаны жүзеге асыруға екі факультет: Тағам өндірістері факультеті және Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі және Туризм мамандықтары бар Экономика және бизнес факультеті тікелей қатысады.

Тағам өндірістері факультетінің Польша Қоғамдық тамақтандыру және қонақүй бизнесі академиясымен, сондай-ақ Германияның Қолданбалы ғылымдар техникалық университетімен бірлесе Қос дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау тәжірибесі бар. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде факультет студенттері Австрия, Болгария, Чехия, Испания, Франция елдерінің университеттерінде де білім алуда. Факультетте білім алушылардың Тағам технологиялары университеті (Пловдив қ., Болгария), Сантьяго де Компостелла Университеті (Испания), Прага химия-технологиялық университеті және Мендель университеті (Брно қ., Чехия) сияқты Еуропаның белгілі техникалық жоғары оқу орындарында халықаралық тағылымдамадан өтуі жыл сайын ұйымдастырылады.

Білім беруді интернационалдандыру іргелі пәндерді шет тілдерінде оқыту үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешенін көздейтіні белгілі. Сондықтан Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және Биотехнология мамандықтарында оқитын студенттер үшін Микробиология, Молекулярлық биология, Тағам өнімдерінің биохимиясы, Саланың жалпы технологиясы, Сүт және сүт өнімдерінің биотехнологиясы, БАВ биотехнологиясы, Шикізат пен тағам өнімдерінің қасиеттері зерттеу» сияқты негізгі және бейінді пәндер ағылшын тілінде оқыту ұйымдастырылған.

Тағам өндірістері факультетінің барлық білім беру бағдарламалары ASIIN халықаралық Аккредиттеу Агенттігінде (Германия) және Аккредитация және Рейтинг жөніндегі Тәуелсіз Агенттігінде (АРТА) мамандырылған аккредитациясынан өткен.

2014 жылы мамырда ASIIN факультеттің Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы атты екі білім беру бағдарламасынаинжиниринг саласындағы Евробакалавр құрмет белгісін беру туралы шешім қабылдады.

Анықтама: Еуропалық Аккредиттелген Инженер (European Accredited Engineer – EUR-ACE) жобасы Еуропалық Одақтың қамқорлығымен Болон үдерісі аясында Еуропада 2004 жылдың кыркүйегінен бастап жүзеге асырылуда және инженерлік білім беру сапасының жалпы еуропалық жүйесін қуруды мақсат тұтады.

HTMI-мен бірлескен бағдарламаның басқа қатысушысы Экономика және бизнес факультеті мемлекеттік мекемелермен, салалық қоғамдық-кәсіптік бірлестіктермен және ұйымдармен, Алматы қаласы мен көршілес облыстардың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен тығыз байланыстар орнатқан. Айталық, Қазақстан қонақүйлер мен мейрамханалар Қауымдастығымен, Туристтік Агенттіктермен (Амари Тур, Assyl Travel және т.б.), екінші деңгейдегі ірі Банктермен, Сентрас Иншуранс СК АҚ-мен, Бухгалтерлер мен аудиторлар Қауымдастығымен, Биржа университетімен, Даму қорымен, сондай-ақ Адал, Алем-кенсе, Алматы-нан, Арарат, Аксай-нан және т.б. сияқты тағам кәсіпорындарымен ынтымақтастық байланыстар орнатылған. Ұйымдар мен серіктес кәсіпорындардың жетекші мамандары факультеттің студенттер қауымы алдында дәрістер оқып, шеберлік сабақтар, тәжірибелік семинарлар мен тренингтер өткізіп, АТУ-да өткізілетін бос орындар жәрмеңкелеріне қатысады. Факультет студенттері, әдетте, осы кәсіпорындар мен ұйымдарда кәсіби тәжірибеден өтеді.

Нарықтық шаруашылық жүргізу жағдайында жоғары оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналасуы түлектер үшін де, жоғары оқу орындары үшін де өзекті мәселе екені белгілі. Әрбір жоғары оқу орны екі нарықтың: жұмысы өзара тығыз байланыста болатын білім беру нарығының және өндірістік еңбек нарығының субъектісі болып табылады. Осы нарықтардың арасындағы ынтымақтастық АТУ-да бүкіл оқу жылы барысында үздіксіз жүреді. 2015-2016 жылдардағы түлектердің жұмысқа орналасуы мониторингісінің мәліметтері мынадай: жалпы университет бойынша жұмысқа орналасу 87,1%, тағам өндірістері, жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеттері түлектердің 92,7 %-ын, экономика және бизнес факультеті 78,2 %-ын, инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті 87,2 %-ын жұмысқа орналастырды. Ататлған факультеттердің жазғы кезеңде жұмысқа орнласпағандардың көбісі АТУ және басқа жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдау эмтихандарын тапсырды. АТУ түлектерінің жұмысқа орналасуының жоғары көрсеткіштері жыл сайын тұрақтылығын сақтап келеді.

АТУ-дың барлық факультеттерінің шығарушы кафедралары республиканың жетекші кәсіпорындары мен ұйымдарымен жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу және олардан өз түлектері туралы пікірлерін алу арқылы тығыз байланыста болады. Сонымен қатар, біздің жұмыс берушілер білім беру бағдарламалары бойынша элективтік пәндер каталогын құрастыруға тартылтынын айта кету керек. Бұл жұмыс берушілер тарапынан мамандаға деген сұранысын арттырады. Студенттердің белгілі бір бөлігі кәсіпорындарда (ұйымдарда) өндірістік тәжірибеден өтіп, артынан сонда жұмысқа орналасады. АТУ-да даярланған мамандар (технологтар, құрастырушылар, зерттеушілер, жүйелі ұйымдастырушылар, бағдарламашылар) өнеркәсіптің бейінді салалары кәсіпорындарының инженерлік-техникалық қызметкерлердің негізгі бөлігін құрайды.

Бакалавриат бағдарламалрының түлектері, негізінен, тағам және қайта өңдеу, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі салаларының өндірістік кәсіпорындарында, сондай-ақ машина жасау кәсіпорындарында, заманауй техниканы және жаңа өндірістік-технологиялық үдерістерді зерттеумен және әзірлеумен айналысатын бейінді және бейіні жағынан жақын ғылыми-зерттеу, құрастыру және жобалау ұйымдарында жұмыс жасау үшін даярланған.

Сөйтіп, Алматы технологиялық университетінің бүкіл қызметі оның көшбасшылық ұстанымына сай келетін үздіксіз кәсіби білім беру кешенін қалыптастыру тұжырымдамасына негізделген. Оқу ордасының осындай берік ұстанымы болмағанда жағдайда еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандар даярлау мүмкін болмас еді. Және университет ұжымы мұны жақсы түсінеді.