Menu Close

ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫ

Жаксылыкова
Гульшат
Нурмаханбетовна

Тағам технологиялар факультетінің деканы, техика ғылымдарының кандидаты, доцент
Email: g.zhaksylykova@atu.kz

Деканның алғы сөзі

Құрметті талапкерлер!

 Адамның өмірде қабылдайтын маңызды шешімдерінің бірі-мамандық таңдау. Сіздің болашағыңыз дұрыс таңдалған білім беру бағдарламасына байланысты. Ең бастысы, таңдалған мамандық сізге ұнап және сұранысқа ие болу қажет.

Бүгінгі таңда тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің өндірушілері шикізаттың түсуінен бастап дайын өнімді орау сәтіне дейін сапаны бақылауды жүзеге асыра алатын ғана емес, сонымен қатар әр-түрлі салаларда және өнімді жаскуда әртүрлі кезеңдерінде тиімді технологияларды әзірлеп, сәтті енгізе алатын білікті технологтарға қызығушылық танытады.

Факультет түлектері тағам және қайта өңдеу кәсіпорындарында кәсіби қызметке дайын, астық өңдеу, наубайхана, макарон, кондитерлік, сүт, ет, балық өнеркәсібі кәсіпорындарына бағдарланған, алкоголь, ликер-арақ, шарап жасау, сыра қайнату зауыттарында, алкогольсіз сусындар шығару және өнімді көтерме сату кәсіпорындарында, жобалау-конструкторлық ұйымдарда, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық ұйымдарда, ғылыми-зерттеу және сынақ орталықтары мен зертханаларында, шикізат пен дайын өнімді сертификаттау және сәйкестендіру қызметтерінде, сауда және салық инспекцияларында және тамақ өнімдерінің өндірісі мен айналымын бақылайтын басқа органдарда, сондай-ақ мұнай-химия кәсіпорындарында жұмыс жасйды.

Жақсы инженерлік дайындығы бар, шет тілін меңгерген, заманауи дүниетанымы бар жігерлі мамандар-технологтар әрқашан сұранысқа ие. АТУ-да оқи отырып, сіз өнеркәсіптік салада да, ғылыми салада да лайықты дайындыққа ие боласыз.

 

Біздің есіктер сіз үшін әрқашан ашық!

ФАКУЛЬТЕТ ҚҰРАМЫ:

Тағам технологиялары факультетінде үш деңгейлі дайындық жүзеге асырылады: бакалаврлар, магистрлер, PhD докторлар, сондай-ақ іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер орындалады. Мамандарды дайындау сапасын жетілдіру, ғылым мен білім интеграциясы тамақ өндірісі факультеті үшін басым болып табылады.