Диссертациялық кеңес

Г.Т. Дарибаеваның диссертациясының қорғалуы туралы

Алматы технологиялық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Дарибаева Гульнур Тлеухановнаның 6D072800 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы бойынша «Ионозондалған отандық тритикале дақылынан алынған ұнды және ионозондалған суды қолдану арқылы макарон өнімдерін дайындау технологиясы» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертация Алматы технологиялық университетінің «Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасында орындалған.

Қорғау тілі: қазақша

Ғылыми кеңесшілер:

– Изтаев Ауелбек Изтаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Тағам технологиялары ғылыми-зерттеу институтының директоры, Алматы технологиялық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы;
– Черных Валерий Яковлевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, ФМАҒМ «Нан пісіру өндірісі ғылыми-зерттеу институты», Тағам ортасының реологиялық орталығының жетекшісі, Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы.

Рецензенттер:

– Жумалиева Гульжан Ералиевна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
– Мусаева Салтанат Джуматкызы – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Тағам өнімдерінің технологиясы мен қауіпсіздігі» кафедрасы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.

Қорғау күні: 12 желтоқсан 2019 ж. сағ. 1530 Алматы технологиялық университеті. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі 100, конференция залы, 212 бөлме.

Сайт адресі: www.atu.kz
E-mail: yamadina88@mail.rudaribaeva.80@mail.ru