Хабарландыру

Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық күні

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ақпараттық күні

АЛМАТЫ –  2019 жылдың 7-8 қараша күні Алматы қаласында Қазақстандағы бағдарламаның ақпараттық күні өткізіледі.

Бұл іс-шара бүкіл Қазақстан бойынша жоғары оқу орындарының өкілдерін, ұлттық билік органдарын, ЕО-ға мүше мемлекеттер елшіліктерін және басқа да мүдделі ұйымдарды біріктіреді.Іс-шараны Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігімен, Білім және ғылым министрлігімен және Алматы аймағы ЖОО-ның ректорлар кеңесі, Еуропалық Комиссияның Білім, аудиовизуалды және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің қолдауымен бірлесіп ұйымдастырады.

Өткізілетін іс-шараға Еуропалық Делегацияның Қазақстандағы Өкілдігінің БасшысыСвен-Олов Карлссон мырза, Сильвия Пиетропаоло ханым, Түркіменстан және аймақтық бағдарламалар бойынша бағдарлама басшысы, Еуропалық Делегацияның Өкілдігі, Жиль Маметц мырза,Қазақстандағы Францияның Бас консулдығының университеттермен ынтымақтастық бойынша Атташе. Іс-шара өткізу алаңы Алматы Технологиялық университеті тарапынан берілді. 

Эразмус+бағдарламасы – еуропалық интеграцияның және халықаралық өзара әрекеттің оң әсерінің нақты мысалы болып табылады.Бұл республикадағы жоғары білімді дамыту мен интернационализациялауға арналған Еуропалық Одақтың ең сәтті бағдарламаларының бірі.Бағдарламаның компоненттері арасында еліміздегі жоғары білімді дамытуға ықпал етуді мақсат ететін «Жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру» (ЖББӘА) бойынша жобалары ерекше орын алады.2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін жалпы құны 44 млн. еуроданасатын қазақстандық университеттің қатысуымен Эразмус+ ЖББӘА 50 жобасы қаржыландырылды.Ақпараттық сессияларда барлық қатысушылар әрбір жаңа Байқаудың шарттары, іріктеу критерийлері мен таңдау рәсімдері, ұлттық және аймақтық басымдықтар және Эразмус+ бағдарламының шараларына қатысқысы келетіндер үшін практикалық ұсыныстарға қатысты ақпаратпен таныса алады.

Өтетін орны: Алматы қ., Төле би көшесі100, Алматы ТехнологиялықУниверситеті, Негізгі оқу ғимараты, 2 қабат, кіші акт залы.

Өту уақыты: 7 қараша сағ. 9.00-ден 17.30-ға дейін, 8 қараша сағ. 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Эразмус+ бағдарламасы Еуропалық Одақ қаржыландыратын, білім беру, жастар және спорт саласында белсенділік пен ұтқырлықты қолдайтын бағдарлама. Бағдарлама университеттердің студенттері мен қызметкерлеріне Еуропа университеттерінде білім алуға, олардың біліктілігін арттыруға, жоғары оқу орындарына материалдық базаны жақсартуға, басқа университеттермен және кәсіпорындармен байланыстарды нығайтуға және түлектердің білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында жаңа білім беру бағдарламаларын, оқыту әдістемесін және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және енгізу арқылы серіктес елдерде білім жүйесін жаңғырту бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі, тел.+7 (727) 311-86-45, neo@erasmusplus.kz, http://erasmusplus.kz