Хабарландыру

11-12 сынып оқушылары үшін АТУ Олимпиадасы

Құрметті жас түлек!

ATU пәндік олимпиадасына қатысып, оқу грантын ұтып алыңыз!

Егер сіз Алматыдағы алдыңғы қатарлы технологиялық университетке түсіп, мектеп пәндері бойынша біліміңізді жетілдіріп, сонымен қатар өзіңізді тексеріп, алдағы емтихандарға дайындалғыңыз келсе, бұл сіз үшін ерекше мүмкіндік!

Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі:

– Математика, физика, химия, биология, география, ағылшын.

– «Композиция» пәні.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрады:

І кезең – онлайн режимде 2020 жылдың 10-25 ақпан аралығында өтеді;

ІІ кезең – күндізгі оқу түрі 26-27 наурыз, Алматы қ., Алматы технологиялық университетінде өтеді.

Олимпиададағы бірінші орын үшін – АТУ ректорының гранты;

Олимпиададағы екінші орын үшін – оқу ақысына 50% жеңілдік;

Олимпиададағы үшінші орын үшін – оқу ақысына 30% жеңілдік;

Ол үшін:

– Пәндік олимпиадаға қатысу үшін www.atu.kz сайтында 2019 жылдың 20 қарашасынан 2020 жылдың 20 қаңтарына дейін тіркелу керек.

Қатысыңыз, тәжірибе жинаңыз, грант ұтып алыңыз!

Олимпиадаға Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының (орта мектептер, лицейлер, гимназиялар) 11-12 сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиаданың 1-2 турын өткізу ережелері  алдағы уақытта жарияланады.

Пәндік олимпиадаға қатысты барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыз: 7 (727) 317 00 53, 7 (727) 293 52 96, 7 (727) 221-88-08

WhatsApp +7 777 048 18 46