Хабарландыру

Құрметті әріптестер!

АТУ үздік электронды курсы бойынша байқау!
Сіздерді 2018 жылдың үздік электронды курсы конкурсына қатысуға шақырамыз!

Байқау 18.09.2018ж. «АТУ үздік электронды курсы бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу туралы» № PR-3722 ректорының бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін АТУ-нің күндізгі педагогтары немесе педагогикалық ұжымдар шақырылады, олар АТУ-нің штаттағы педагогтары болып табылады.
Мұғалімдер командасының мүшелерінің саны (оның ішінде команда жетекшісі) 3 адамнан аспауы керек. Өтініш бірден артық емес курсқа жіберілуі мүмкін. Автор тек бір қолданбада көрсетілуі мүмкін.

Конкурсқа қатысу үшін міндетті шарттар:

• Электронды курсты Eduardo.studio платформасына қою керек.

• Электронды курс кафедрада алдын-ала сараптамадан өту керек керек. Ұсынылған ЭК-қа қосымша кафедра мәжілісінің протоколының мотивациялық шешімі туралы қөшірмесі қоса беріледі. Кем дегенде үш ЭК таңдалады.

• Факультеттің шешіміне сәйкес, кем дегенде екі ЭК таңдалуы керек. Ұсынылған ЭК-қа қосымша факульет мәжілісінің протоколының мотивациялық шешімі туралы қөшірмесі қоса беріледі.

ЭК оқыту үдерісінде жүзеге асырылуы тиіс; курста оқитын студенттердің саны (кемінде 3 адам).

ҚОФ-нің электронды оқыту бөлімі ағымдағы жылға конкурстық материалдарды бағалайтын критерийлерін әзірледі, олар Конкурстық комиссияның өтініштерді алдын–ала таңдау кезеңінде ұсынылады.

Конкурстық комиссия өтінімдерді қарастырады және 2018 жылғы электронды курстары бойынша үздік авторларды таңдайды.

Конкурстық материалдарды бағалау критерийлері:

1. Автордың контентінің толықтығы.

2. Оқу материалдарын пайдаланудағы ыңғайлылық: курс бойынша навигацияның тиімділігі, оларды пайдалану бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, сабақтастықты қайталану элементтері.

3. Оқытушылар мен студенттер арасындағы өзара әрекеттестікті ұйымдастыру: есеп беру кезеңінде пайдаланушылардың ұсынған тапсырмаларын орындауы, курс оқытушысының студент жұмысының нәтижесін бағалауы, форумдармен басқа да кері байланыс элементтерін белсенді қолдану. Баға ведомостын пайдалану және балл-рейтингті жүйені Eduardo.studio арқылы іске асыру.

ЭК-ты құрастырғанда қате болмауы, материалды эастетрикалық қалыптастыру.

* Конкурстық комиссия жаңашыл және қайталанбайтын элементтерді, сондай-ақ кейбір формалар және қашықтықтан оқыту әдістерін (жобалау әдісі, вебинарлар және т.б.) пайдаланғаны үшін бонустық баллдар береді.

Конкурстың өтуі және оның нәтижелері университеттің сайтында https: //atu.kz жаңалықта көрсетіледі.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Конкурстық комиссияға мынадай құжатталған ақпаратты ұсынады:

1. Ф.ФДО.-7.5.1-2018-05-03 түрінде жолдама хат;

2. ЭК-тың педагогикалық сценариі (Ф.ФДО.-7.5.1-2018-05-01);

3. Кафедра отырысының, факультеттің хаттамасынан үзінді, себебі түсіндірілген шешімі.

Барлық нысандар TimesNewRoman шрифтімен жазылған (өлшемі 12 пт.) 1 интервалда. Өтінімдер ФДО-ның электрондық оқыту бөліміне жіберіледі, конкурс туралы ережені осы жерден табуға болады (сілтеме).

Конкурстық құжаттарды құрастыру ережелерін бұзған, сондай-ақ ректор өкімімен белгілен мерзімнен кейін ұсынылған өтінімдер қарауға қабылданбайды.
Конкурстық өтінімдер конкурсқа қатысушыларға қайтарылмайды.

Өтініш берушілердің дұрыс емес ақпаратты қолдану фактілері анықталған жағдайда Конкурсқа қатысудан шығарылуы мүмкін.

Байқаудың шарттары:

1. кезең: өтінім қабылдану – 2018 жылдың 20 қыркүйегінен бастап 05 қазан дейін;

2. этап: конкурстық комиссияның жұмысы – 2018 жылдың 08 қазан мен 22 қазан аралығы;

3. этап: қорытындығы растау – 2018 жылдың 22-қазаннан 25 қазанға дейін.

Барлық қатысушылары конкурс дипломын алады. Жарыс жеңімпаздары I, II және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады, сондай-ақ ЭК-ты Қазақстанның ұлттық ашық білім беру платформасына орналастыруына мүмкіндігін береді.

Конкурсқа қатысу сізге өз идеяларыңызбен бөлісуге, электронды оқуға қөзқарасыңызды әріптестердің шешімімен салыстыруға, сыйақы және кәсіби қауымдастықтың бағасын алуға мүмкіндік береді.

Жұмыстарыңызды коруге куаныштымыз!

Сізге конкурста сәттілік тілейміз!

Барлық сұрақтар бойынша, электронды курстың педагогикалық сценарийімен байланысты және өтінімдерді ресімдеу бойынша, электронды оқыту бөліміне хабарласыңыз, 2Б корпусы, 225 каб., телефон (8-727) 396-71-33 (ішкі 157). Электрондық пошта: mook@atu.kz