Хабарландыру

Хабарландыру

«Сүйемін туған тілді – анам тілін…» республикалық интернет-байқауы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлердің, сондай-ақ педагогикалық колледждердің, ЖОО-ның студенттерінің арасында «Сүйемін туған тілді – анам тілін…» республикалық интернет-байқауды балаларға арналған www.ziyatker.org ғылыми-танымдық сайтында 2018 жылғы 24 қыркүйек – 22 қараша аралығында қашықтықтан өткізеді.

Байқаудын қорытындысы – 2018 жылғы 4 желтоқсан.

Байқау жұмыстары konkurs.16@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
Анықтама телефоны: 8(7172) 64-27-31.

Жеңімпаздардың дипломдары, сертификаттары www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.

Байқауға қатысу шарттары туралы толық ақпаратты «Сүйемін туған тілді – анам тілін…» республикалық интернет-байқауды қашықтықтан өткізу ережелері сілтемесінен алуға болады.