Диссертациялық кеңес

Желеуова Ж.С. диссертациясының қорғалуы туралы

Алматы технологиялық университетінде 6D072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Желеуова Жазира Сулеевнаның «Биологиялық құндылығы жоғары деликатесті ет өнімдерінің технологиясын жасау» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.

Диссертациялық жұмыс Алматы технологиялық университетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасында орындалды.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс
Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ғылыми кеңесшілері:

Узаков Ясин Маликович – ҚазҰЖҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының профессоры, Алматы технологиялық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы;
– Кригер Ольга Владимировна – техника ғылымдарының докторы, профессор Кемерово мемлекеттік университеті, Кемерово қ., Ресей Федерациясы.

Ресми рецензенттер:

– Кененбай Гульмира Серікбайқызы – техника ғылымдарының кандидаты, «Өсімдік шаруашылығын қайта өңдеу және сақтау технологиясы» зертханасының меңгерушісі, «Қазақ тағам өнімдерін қайта өңдеу ҒЗИ» ЖШС, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
– Касымов Самат Кайратович – техника ғылымдарының кандидаты, «Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ, Семей қ., Казақстан Республикасы.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

– Нургазезова Алмагуль Нургазезовна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ, Семей қ., Қазақстан.
– Нұрымхан Гүлнұр Несіптайқызы – техника ғылымдарының кандидаты, «Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ, Семей қ., Қазақстан.
– Серикбаева Асия Демеухановна – биология ғылымдарының докторы, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы қ., Қазақстан (ғылыми еңбектері бойынша).
– Аманжолов Самат Аманжолович – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессордың м.а., «АСТ-Тұмар» ЖШС төрағасы, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан.

Қорғау 2021 жылғы 4 қарашада сағат 09:30-да «Алматы технологиялық университетінің» АҚ жанындағы 6D072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»,  6D072800 – «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы», 6D073500 – «Тағам қауіпсіздігі» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесте Алматы қаласы, Төле би көшесі 100, конференция залы, 212 кабинетінде өтеді.

Сайт адресі: www.atu.kz. E-mail: yamadina88@mail.ru.