Жаңалықтар

Қазақ халқының мәдени мұрасы

Алматы технологиялық университетінде 29 қыркүйекте сағат 16:00 «Қазақ халқының мәдени мұрасы «Рухани жаңғыру» және «Мемлекеттік жаңғырту 3.0 бағдарламасы» аясында» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел  өтті. Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары: «Қазақстан халқы Ассамблеясы» АТУ кафедрасы, Қазақстан-Швейцария туризм институты, мейрамхана және қонақ үй бизнесі, АТУ ғылыми кітапханасы.

Жүргізуші «Қазақстан халқы Ассамблеясы» АТУ кафедрасының меңгерушісі – Зәмзә Қодар алғашқы сөзді АТУ Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Диляра Бисалиеваға ұсынды. Ол өз сөзінде қазіргі замандағы модернизация, жастардың модернизацияға кірігуі, олардың адамгершілік пен тәрбие жөніндегі алғашқы ұғымдары, патриотизмге баулу сынды мәселелерді атап өтті.  

  • Төлекова Бақыт Тұрсағұлқызы – АТУ ғылыми кітапханасының директоры «100 жаңа кітап» тақырыбында;
  • Алтынбеков Тәуке Әнесұлы – ғылым докторы, Инновациялық Еуразия университетінің профессоры, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, Сәулетшілер одағының мүшесі. «Адамзат руханияты мен өркениетінің дамуындағы қазақ – көшпенділердің бірегей рөлі»;
  • Тұрсын Альмира – қазақ актрисасы, сценарист, психолог.
  • Өтебекова Ғалия Алтынбекқызы, АТУ Қазақ-Швейцария туризм институтының директоры, «Ұмайдың оралуы» жобасының авторы. «Ұлы дала мұраттарын алып жүрген бейне»;
  • Қожабаев Ерлан Жанахметұлы – суретші, дизайнер, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі. «Қазақ ою-өрнегі тенгриандық заманның талабы»;
  • Дүйсенғалиева Римма Таласқызы – Қазақстан композиторлары қауымдастығы, музыкатанушы. Zoom жүйесі арқылы қосылып, «Қазіргі заманғы музыка»тақырыбында өз ойымен бөлісті.
  • Оспан Бердалы – суретші, мәдениеттанушы, есімтанушы. Тақырыбы: «Есімдер – Сақтардан қазақтарға дейін»;
  • Досекеева Гүлмира Алденбайқызы – тарих ғылымдарының кандидаттары, аға оқытушы;
  • Әліби Сағымбекұлы Несіпбаев – қоғамдық ұйымдармен жұмыс жөніндегі үйлестіруші. «Рухани жаңғыру» туралы қорытынды айтты.

Бұл кезде АТУ медиа орталығының YouTube каналында тікелей эфир болды. https://youtu.be/fpMxr-6UTP4. Оған 300 -ге жуық студент қатысты.