Жаңалықтар

Бүгіннің және келешектің есебін жүргізу

Бүгін «Бухгалтерлер мен аудиторлар қауымдастығы» ЖШС-тің бизнесті дамыту бойынша маманы – Ерошина Валерия Константиновнаның қонақ лекциясы өткізілді. Валерия Ерошина есепші мамандығының маңызына тоқталды, өзінің тәжірибесі туралы баяндады, студенттерге ақыл-кеңесін айтты. Лекция барысында түсінген инсайттар мыналар:

– есепшілер арасында әрқашан бәсекелестік болады;
– бухгалтерия – зияткерлік еңбек;
– есеп жүргізу қаржыны сараптау үшін қажет, сонда еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілік үдейді;
– есепші сан қырлы мамандық: еңбек туралы, салық туралы заңдарды толық білетін боласыз;

Лекция соңында қызықты сұрақтар қойылып, соның бәріне Валерия Ерошина қуана жауап қатты. Студенттерге тамаша мотивациялар беріп, лекциясын қызықты өткізді.