Жаңалықтар

Қашықтан оқыту мен жұмыс істеу тәртібі

2021 жылдың 29 наурызынан бастап АТУ жұмыс тәртібін өзгертеді!

Құрметті, АТУ қызметкерлері!

Covid-19 кең таралуына байланысты Алматы қаласы бойынша карантиндік іс-шаралар күшейтіліп жатыр. Сол себепті жұмыс тәртібі өзгереді:

– Профессор-оқытушылар құрамы 90% қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауысады.
– Әкімшілік қызметкерлері 65-70% қашықтан, ал құрылымдық бөлім басшылары әдеттегідей күн тәртібіне сәйкес жұмыс істейді.

АТУ-да қызмет ететін барлық қызметкерлер қатаң түрде бетперде тағуы, университет аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды мүлтіксіз сақтауы тиіс!

Студенттерге ескертпе!

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 27.03.2021 жылғы №12 қаулысы бойынша 2020-2021 жылғы оқу жылының соңына дейін колледждер мен ЖОО студенттерін қашықтан оқыту жүйесіне көшіру міндеттелді. 29 наурыздан бастап қаулы күшіне енді.