Хабарландыру

Ақылы бөлімге өтініш қабылдау онлайн форматта өтеді

Алматы технологиялық университетінде 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап 2021-2022 оқу жылына талапкерлерден ақылы бөлімде білім алу үшін онлайн форматта өтініш қабылдау басталды.

Ол үшін виртуалды қабылдау комиссиясына ұсыну керек:

–  осы жылдың мектеп бітіруші түлектері, мектептен анықтама, ҰБТ нәтижесі (қаңтар, наурыз), сурет 3х4, жеке төлқұжат;
колледж түлектері, сәйкес мамандықтарға тапсыру үшін, диплом қосымшасымен немесе колледжден анықтама, сурет 3х4, жеке төлқұжат;
– бірінші жоғары білім бар тұлғалар үшін,  диплом қосымшасымен, сурет 3х4, жеке төлқұжат.

Білімі туралы құжаттардың түпнұсқасын, медициналық анықтама 086-У, оқудың төлемақысы туралы түбіртек, жеке төлқұжат көшірмесін АТУ  қабылдау комиссиясына ағымдағы жылдың  25 тамызына дейін өзі немесе пошта арқылы тапсыру керек.

Байланыс телефондары: 

– 8 708 587 0699, Рапия Абдрасиловна Шукеева;
– 8 771 403 4335, Зарина Сакеновна Кощегулова;
– 8 701 429 9057, Камила Аллаяровна Жуматаева;
– 8 700 987 1865, Жанар Бозжигитовна Бозжигитова;
– 8 778 956 6654, Калимаш Закировна Елшибаева.