Жаңалықтар

Қор нарығына арналған семинар

2021 жылдың 26 наурызында сағат 16.00-де «Global Money Week – 2021» жаһандық жобасы аясында қор нарығына арналған семинар өтті, онда «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ермек Мажекенов; Айнур Калитова – «Қазақстан қор биржасы» АҚ эмитенттерімен және инвесторларымен жұмыс бөлімінің жетекші маманы; Евгений Мухамеджанов – «Қазақстан қор биржасы» АҚ Жобаларды дамыту қызметінің басқарушы директоры сөз сөйлеп, түсініктеме берді. «Биржалық симулятор» білім беру жобасының қатысушылары үшін бұл жоба 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады (2 маусым), осы уақытқа дейін қатысушылардың аты-жөні белгілі болмақ. Сонымен қатар қор нарығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына байланысты көптеген жаһандық мәселелер қозғалды.

Ұйымдастырушылар «Есеп және қаржы» кафедрасы