Жаңалықтар

Балық өңдеу өндірісінің сан қыры

26 наурызда «РЫБПРОМ» ЖШС бас директорының орынбасары, біздің АТУ-дың түлегі – Кольченко Иван Анатольевич қонақ дәріс өткізді.

Тағам технологиясы факультетінің деканы Гүлшат Нұрмаханбетқызы Жақсылықова қонағымызды студенттер мен әріптестерге таныстырып өтті. Иван Кольченко АТУ-да оқыған студенттік шақтарын ыстық ықыласпен еске алды. 

Лекция «РЫБПРОМ»-ның қызметі жайында баяндайтын бейнероликпен басталды. Иван Кольченко оқу мезеттерін, өндіріске келгендегі алғашқы бастан кешкен қиындықтарын, еңбек жолындағы ерекшеліктерді, балық аулаудың өзгешеліктерін, балық өнімдерін жасап шығарудың құпиясымен бөлісті.

Лекцияның соңында Гүлшат Нұрмахамбетовна қонағымызға зор алғысын білдірді. Иван Кольченко жиған білімімен бөліскені үшін, студенттер мен түлектерге өзінің ақыл-кеңесімен көмектесе алатындығы үшін қуанышты екенін айтты.