KazMed Медициналық орталығы

KAZMED ATU медициналық орталығы - бұл университет пен көпсалалы KAZMED медициналық орталығының серіктестік жобасы. KAZMED 2006 жылдан бері халыққа кең ауқымды медициналық қызметтер көрсетіп келеді.

 


АТУ базасында медициналық орталықтың құрылуы университеттің әлеуметтік және білім беру инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болды.

АТУ студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері сапалы, уақтылы және қолжетімді медициналық көмекті тікелей университет аумағында ала алады.

Негізгі қызмет бағыттары:

АТУ жанындағы KAZMED медициналық орталығы жан-жақты медициналық қолдау қағидаты бойынша жұмыс істейді, профилактикалық әрі емдеу-диагностикалық қызметтерді ұсынады.

 

Жалпы тәжірибелік дәрігер пациенттерді алғашқы қабылдауды жүргізеді, тексеру жасайды, ем тағайындайды және қажет болған жағдайда тар бейінді мамандарға жолдайды. Денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстану мәселелері бойынша кеңес береді.

 

Орталық пациенттері терапевт, ЛОР-дәрігер, гинеколог, невропатолог, кардиолог және басқа да салалық мамандардың қабылдауына жүгіне алады. Кеңестер заманауи медициналық стандарттарға сай, жеке тәсіл мен жан-жақты ұсыныстар негізінде жүргізіледі.

Мамандардың бақылауындағы емді қажет ететін пациенттер үшін орталықта күндізгі стационар жұмыс істейді, онда емдеу және оңалту шаралары жүргізіледі.

Бұл қызмет түрі пациенттерге ауруханаға жатқызусыз, жайлы жағдайда және дәрігердің бақылауымен медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

В процедурном кабинете выполняются все виды инъекций, перевязок, постановка капельниц и забор анализов. Физиотерапевтический кабинет оснащён современными аппаратами для проведения физиопроцедур, направленных на восстановление после заболеваний.

Для более точной диагностики заболеваний внутренних органов проводятся ультразвуковые исследования (УЗИ) и электрокардиограмма (ЭКГ). Используется современное оборудование, позволяющее получать информативные результаты и контролировать динамику состояния здоровья.

Орталықта жыл сайын ауруларды ерте анықтауға және студенттер мен қызметкерлердің денсаулығын сақтауға бағытталған профилактикалық тексерулер, скринингтер мен вакцинациялар жүргізіледі.Сондай-ақ оқу, өндірістік тәжірибе немесе жұмысқа орналасу үшін қажет медициналық анықтамалар рәсімделеді.

Жүкті әйелдерді бақылауға ерекше көңіл бөлінеді. Болашақ аналардың уақтылы медициналық көмек алуына мүмкіндік беру мақсатында кеңес беру, профилактикалық тексерулер, зертханалық талдаулар және УДЗ жүргізіледі.

KAZMED медициналық орталығы қазіргі заманғы медициналық мекемелерге қойылатын талаптарға сай заманауи аппараттармен және жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Орталықта удз аппараты, ЛОР-комбайн, физиотерапиялық құрылғылар, стерилизациялау қондырғылары және диагностикалық пен емдік процедураларды жүргізуге қажетті барлық жабдықтар бар. Күндізгі стационар палаталары пациенттердің жайлылығын қамтамасыз ететін эргономикалық аурухана төсектерімен жабдықталған.

Орталықтың барлық бөлмелерінде жоғары санитарлық-гигиеналық талаптар сақталып, тазалықпен жайлылық атмосферасы келушілерге психологиялық тұрғыда қолайлы жағдай жасайды.

  

Орталықтың басты артықшылықтарының бірі - KAZMED медициналық орталығына тіркелген университет студенттері мен қызметкерлері үшін тегін медициналық қызмет алу мүмкіндігі.

Орталыққа тіркелген студенттер мен қызметкерлер келесі қызмет түрлерін пайдалана алады:

  • дәрігердің алғашқы және кеңестік көмегін;
  • тексерулерді, зертханалық талдауларды, УДЗ және ЭКГ қызметтерін;
  • оқу және жұмыс орны бойынша қажетті анықтамаларды;
  • күндізгі стационарда ем қабылдауды;
  • профилактикалық тексерулер мен вакцинацияны.

Бұл медициналық көмек алуды едәуір жеңілдетеді: барлық қызмет түрлері университет аумағында, яғни жақын жерде қолжетімді, сыртқы клиникаларға барудың қажеті жоқ.

Сонымен қатар, орталық ағартушылық бағытта белсенді жұмыс жүргізеді: сауықтыру кездесулері, профилактикалық акциялар және дұрыс тамақтану, маусымдық аурулардың алдын алу, алғашқы көмек көрсету мен оқу кезеңіндегі стрессті басқару тақырыптарында дәрістер өткізіледі.

EGOV ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА ТІРКЕЛУ НҰСҚАУЛЫҒЫ АТУ ЖАНЫНДАҒЫ KAZMED МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ АЛУ ҮШІН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ - EGOV.KZ АРҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМҒА ТІРКЕЛУ ҚАЖЕТ.

 

1-қадам. eGov Mobile қосымшасына кіресіз. Авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне өтесіз.
2-қадам. «Денсаулық сақтау» тармағын басасыз.
3-қадам. Төмен қарай жылжып, «Медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдайсыз.
4-қадам. Байланыс деректерін тексеріп, «Баланы тіркеу» қызметін таңдайсыз. Тіркеу қажет балаңызды белгілейсіз.
5-қадам. Аймақты таңдайсыз: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Медициналық ұйым: «KazMed Company» деп енгізесіз.
6-қадам. «Медициналық қызметкерлер» бөлімінен дәрігерді таңдайсыз.

Тағам технологиялары факультеті және Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері - Худайбергенова Аида Низамитдинкызын, 7 бөлімше таңдайды. Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультеті және Экономика және бизнес факультетінің студенттері - Низамова Лаура Шерниязовнаны, 6 бөлімше таңдайды.

7-қадам. Тіркеу себебін көрсетесіз - «көшу».
8-қадам. Өтінішке қол қоясыз.
9-қадам. Жеке кабинеттегі «Қызметтер тарихы» бөлімінен өтінімнің мәртебесін қарай аласыз.
10-қадам. Өтінімнің күйін көру үшін жеке кабинетке, "қызметтер тарихы" бөліміне өтіңіз.

Құттықтаймыз! Сіздің балаңыз сәтті түрде емханаға тіркелді.

 

 

Біздің медициналық орталықтың мекенжайы:
Бөгенбай батыр көшесі, 157, АТУ №1 жатақхана ғимараты, 2-қабат.

Бізді жоғалтып алмау және барлық соңғыжаңалықтардан хабардар болу үшін Instagram парақшамызға жазылыңыз — @kazmed.atu

Қызметкерлер

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз