Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп ҒЗИ

Бос жұмыс орны

ЖӨМ ҒЗИ директоры, PhD докторы

ТЕКСТИЛЬ ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ҒЗИ (ТжЖӨ ҒЗИ)

«Алматы технологиялық университеті» АҚ-ның 2004 жылы құрылған ғылыми құрылымдық бөлімі болып табылады. ТжЖӨ ҒЗИ қызметінің мақсаты – ғылыми зерттеулерді нәтижелі ұйымдастыру, жүйелік жоспарлау, жоғары білікті кадрлар дайындау.

ТжЖӨ ҒЗИ жеңіл және тоқыма өнеркәсібі саласындағы кең ауқымды негізде келесі бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады: 

  • жұмысшылардың еңбек жағдайын зерттеу негізінде қауіпті және зиян өндірістік факторлардан қорғауға арналған әртүрлі қолданыстағы арнайы киімдерді дайындау әдістері;
  • жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының дизайн концепциясын дайындау;
  • өртке тұрақты, жылудан қорғайтын, су жұқтырмайтын, май жұқтырмайтын, бактерияға қарсы және т.б. арнайы қасиеттері бар текстиль материалдары мен иірімжіптердің түрлерін дайындау әдістері;
  • тоқылмаған материалдарды алудың инновациялық технологияларын дайындау;
  • текстиль материалдарды әрлеуге арналған суда еритін полимерлер негізінде жаңа текстильді қосымша заттектерді дайындау;
  • трикотаж және иіру өндірістеріндегі ресурс үнемдейтін технологиялар;
  • азық-түлік емес тауарлар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігі.

    2004-2022 жылдар бойы ТжЖӨ ҒЗИ-нда ғылыми зерттеу жүгізуге және материалдарды сынауға арналған техникалық база мен методикалық негіздер тағайындалды. ТжЖӨ ҒЗИ ұйымдық құрылымына Текстиль материалдарының технологиясы мен қауіпсіздігінің ғылыми-зерттеу зертхана және Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалау ғылыми-зерттеу зертхана кіреді.

Жалгасов Нуржан Сайлаубаевич

ТМТжҚ ҒЗЗ меңгерушісі
1101 каб., 11 қабат

Каб. 1101, 11 этаж
E-mail: n.zhalgassov@atu.edu.kz

ТЕКСТИЛЬ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ мен ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЗЕРТХАНАСЫ (ТМТҚ ҒЗЗ)

текстиль материалдарын бояу және өңдеу, сондай-ақ трикотаж бұйымдарын жобалау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.

ТМТҚ ҒЗЗ басты бағыттары:

  • текстиль материалдарының жаңа технологияларын әзірлеу және жетілдіру;
  • текстиль материалдарын химиялық өңдеудің ресурс үнемдейтін технологиялары;
  • текстиль материалдарының қауіпсіздігін зерттеу;
  • текстиль материалдарының физика-механикалық қасиеттерін зерттеу, сапасын бағалау;
  • текстиль бұйымдарының бөлшектерін қосудың және өңдеудің жаңа тәсілдерін алу мүмкіндігін зерттеу.

2004-2022 жылдар бойы ТжЖӨ ҒЗИ-нда ғылыми зерттеу жүгізуге және материалдарды сынауға арналған техникалық база мен методикалық негіздер тағайындалды. ТжЖӨ ҒЗИ ұйымдық құрылымына Текстиль материалдарының технологиясы мен қауіпсіздігінің ғылыми-зерттеу зертхана және Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалау ғылыми-зерттеу зертхана кіреді.

ТМТҚ ҒЗЗ негізгі жетістіктері: Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша АТУ ғалымдарының басшылығымен текстиль материалдарының технологиясы мен қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу зертханасының базасында қаржыландырылатын тақырыптар орындалды:

  • «Суда еритін полимерлер негізінде қауіпсіз текстиль-көмекші заттарды жасау бойынша инновациялық технологияларды әзірлеу» (ҚР БҒМ гранты, Ғылым комитеті), қаржыландыру көлемі 72 833 400 теңге;
    «Тоқыма материалдарын өңдеу үшін суда еритін полимерлер негізінде жаңа тоқыма-қосалқы заттар жасау» (ТДҰА гранты), қаржыландыру көлемі 9 991 000 теңге.

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП БҰЙЫМДАРЫН ЖОБАЛАУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЗЕРТХАНА (ЖӨБЖ ҒЗЗ)
техникалық жағынан заманауи тігін жабдықтары паркімен, тиісті бағдарламалары бар компьютерлік техникамен, тігін бұйымдарын жобалаудың автоматтандырылған жүйелерімен жабдықталған.

ЖӨБЖ ҒЗЗ басты бағыттары:

  • жұмысшылардың еңбек жағдайларын зерттеу негізінде қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғау үшін арнайы киімдерді жобалау әдістерін әзірлеу;
  • дәстүрлі костюм негізінде заманауи киімнің құрылымдық-технологиялық шешімдерін жобалау әдістерін әзірлеу;
  • өнімдер мен технологиялық үдерістерде автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолдану.

Сонымен қатар, ЖӨБЖ ҒЗЗ арнайы киімге арналған материалдар пакеті арқылы өтетін дыбыс деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін аспаптар мен қондырғыларды, материалдар мен киім пакеттерінің жылудан қорғайтын қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін қондырғыларды, циклдік әсер ету кезінде материалдардың деформациясын зерттеуге арналған қондырғыларды, киім материалдары пакеттерінің тозуға төзімділігін зерттеуге мүмкіндік беретін қондырғыларды әзірлеу және жобалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Галерея

Жүктеу файлдары