ATU Inn оқу мейрамхана-қонақ үй кешені

Atu Inn оқу мейрамхана-қонақ үй кешенінің басқарушысы

Жусупова Жамила Каирбаевна

МжҚБ бағыты магистрі, ТжСҚК кафедрасының сеньор-лекторы

Жыл сайын Қазақстанда туристік ағым артып, мейрамханалар, кофеханалар мен қонақүй кешендерінің саны көбеюде. Соған сәйкес қонақжайлылық және мейрамхана бизнесі саласында білікті мамандарға деген сұраныс та жоғарылауда. Осы заман талабына сай кадр даярлау мақсатында 2021 жылы Алматы технологиялық университетінің базасында Қазақстанда алғаш рет ATU Inn оқу-ресторандық-қонақүй кешені ашылды. ATU Inn студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіру және кәсіби даярлығын арттыру үшін арнайы құрылған бірегей оқу алаңы болып табылады. Бұл кешенде теориялық білім нақты тәжірибемен ұштасып, нағыз мейрамхана мен қонақүй жағдайына барынша жақын ортада жүзеге асырылады.

Оқу-ресторандық-қонақүй кешенінің құрамына мыналар кіреді:

  • толық жабдықталған кәсіби ас үй,
  • сәнді әрі жайлы мейрамхана залы,
  • оқу қонақүйі және кофехана.

ATU Inn қонақүйі 14 нөмірден тұрады: 4 «люкс», 4 «жартылай люкс» және 6 стандартты нөмір. Нөмірлерді брондау үшін заманауи HLS бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі қолданылады, ал мейрамханада студенттер iiko автоматтандырылған қызмет көрсету жүйесімен жұмыс істеуді үйренеді. Кофеханада білім алушылар соңғы үлгідегі кәсіби кофемашиналарда бариста дағдыларын меңгереді. Практикалық сабақтар келесі білім беру бағдарламалары бойынша өтеді: 6B11102 «Ресторан ісі және қонақүй бизнесі», 6B07209 «Қоғамдық және арнайы тамақтану өнімдерінің технологиясы». Студенттер түрлі күрделіліктегі тағамдарды әзірлеуді, дұрыс ұсыну мен сервировка жасауды, қонақтармен жұмыс істеуді, үстелдерді брондауды және сервис үдерістерін басқаруды үйренеді.

ATU Inn-де жыл бойы:

  • практикалық сабақтар,
  • шеберлік сабақтары (мастер-класстар),
  • қонақ дәрістер,
  • кәсіби курстар ұйымдастырылады, соның ішінде бариста курстарына қабылдау жүргізіледі.

Сабақтарды Алматы технологиялық университетінің оқытушылары мен қонақжайлылық саласының қазақстандық және шетелдік білікті мамандары жүргізеді. Бұл студенттерге саланың нақты тәжірибесінен тікелей білім алуға мүмкіндік береді. ATU Inn-нің басты артықшылықтарының бірі – студенттердің тәжірибеден өту үшін университеттен тыс жерге баруының қажеті жоқ. Барлық практикалық жағдайлар оқу орнының өз ішінде жасалған. ATU Inn-де тәжірибеден өткен түлектер өз кәсіби жолын табысты жалғастырып, келесі ірі компанияларда қызмет атқаруда: Rixos Hotels, Swissotel, Almaty Resort, KazTravelAlmaty, «Оқжетпес» емдік-сауықтыру кешені, Rahat Palace Almaty, Royal Tulip және басқа да ірі ұйымдар.

Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз