
Джуринская Индира Михайловна
Ғылым департаментінің директоры
Тел.: 8 (727) 293-52-84 (іш. 178)
E-mail: d.dzhurinskaya@atu.edu.kz
Ғылым департаментінің негізгі мақсаттары:
Ғылым департаментінің қызметі келесі міндеттерді орындауға бағытталған:
![]() |
Ғылыми кадрларды даярлау және дамыту бөлімі
- ғылыми кадрларды, магистранттар мен докторанттарды даярлау және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру; - магистранттар мен докторанттардың жеке оқу жоспарларының орындалуын, оның ішінде ғылыми-зерттеу, академиялық және жарияланымдық қызметін ұйымдастыру және бақылау; - магистрлік және докторлық диссертацияларды дайындауға ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсету, олардың дайындық деңгейіне мониторинг жүргізу және уақтылы қорғауын қамтамасыз етуге жәрдемдесу; - докторанттардың және магистранттардың шетелдік ғылыми тағылымдамаларын ұйымдастыру және үйлестіру; - отандық және шетелдік ғылыми жетекшілермен, ғылыми консультанттармен және зерттеу ұжымдарымен өзара іс-қимылды үйлестіру; - жас ғалымдардың, магистранттар мен докторанттардың зерттеу құзыреттерін дамыту; - студенттік ғылыми қоғам мен ғылыми үйірмелердің қызметін үйлестіру; - білім алушылар мен жас ғалымдарға арналған университеттік, республикалық және халықаралық ғылыми іс-шараларды, конкурстар мен ғылыми жобаларды ұйымдастыру; - білім алушылар мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу, инновациялық және халықаралық жобаларға қатысуына жәрдемдесу; - университеттің ғылыми мектептері мен зерттеу ұжымдарының кадрлық резервін қалыптастыру және дамыту; - ғылыми кадрларды даярлау нәтижелілігіне мониторинг жүргізу және ғылыми қызмет мәселелері бойынша талдамалық материалдар әзірлеу; - университеттің ғылыми әлеуетін дамыту мәселелері бойынша нормативтік, ұйымдастырушылық және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу. |
|
Ғылыми кадрларды даярлау және дамыту бөлімінің басшысы Қалдарбекова Мәдина Әбді-Ахметқызы доктор PhD e-mail: m.kaldarbekova@atu.edu.kz |
|
![]() |
|
|
Ғылыми кадрларды даярлау және дамыту бөлімінің жетекші маманы Мэлс Мадина Даниярқызы Техника ғылымдарының магистрі e-mail: researchstaff@atu.edu.kz |
|
|
Ғылыми кадрларды даярлау және дамыту бөлімінің жетекші маманы Тұрар Азат Азаматұлы Техника ғылымдарының магистрі e-mail: researchstaff@atu.edu.kz |
|
|
Ғылыми жобалар бөлімінің бастығы Абсалимова Мамура Абсаттарқызы PhD докторы e-mail: m.absalimova@atu.edu.kz |
Ғылыми жобалар бөлімі - Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарына өтінімдер дайындауды ұйымдастыру және үйлестіру. - Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің ғылыми жобалардың республикалық және халықаралық конкурстарына қатысуын ақпараттық, ұйымдастырушылық және әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу. - Мемлекеттік бюджеттен және басқа да көздерден қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жобаларының іске асырылуын үйлестіру және мониторингтеу. - Ғылыми жобалар бойынша аралық және қорытынды есептерді дайындауды ұйымдастырушылық тұрғыдан сүйемелдеу, есептік құжаттаманы ұсынудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын бақылау. - Кәсіпорындармен, ұйымдармен және индустриялық серіктестермен ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын дамыту арқылы бюджеттен тыс қаржыландыруды тартуға жәрдемдесу. - Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ), оның ішінде шарт негізінде жүргізілетін зерттеулерді орындауға арналған шарттарды дайындау мен сүйемелдеуді үйлестіру. - Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, шетелдік серіктестерді іздеуге және халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу үшін зерттеу консорциумдарын құруға жәрдемдесу. - Нысаналы индикаторлардың орындалуын мониторингтеу, ғылыми жобалардың нәтижелілігін талдау және университеттің ғылыми-зерттеу қызметі туралы ақпараттық-талдамалық материалдарды қалыптастыру. |
|
|
![]() |
Ғылыми жарияланымдар және коммуникациялар бөлімі
- ОПҚ-ның жарияланым белсенділігін қолдау: кеңес беру, мақалаларды журналдарға жібергенге дейін ішкі рецензиялауды, редакциялық және тілдік сараптаманы ұйымдастыру, рейтингтік журналдардың редакцияларымен хат алмасуға және мақалаларды онлайн жіберу үшін ғалымдардың профильдерін тіркеуге көмектесу; университеттің жариялым стратегиясын (Q1–Q4, импакт-фактор, дәйексөз келтіру) іске асыру. - Наукометриялық мониторинг және талдау: Scopus, Web of Science және ҒЖБСҚК (КОКСНВО) журналдарындағы жарияланымдар, орнықты даму мақсаттары (ОДМ) бойынша жарияланымдар, халықаралық конференция материалдары, халықаралық бірлескен авторлық; дәйексөз келтіру, Хирш индексі, журналдардың квартилі; зерттеушілердің цифрлық профильдерін (ORCID, Scopus Author ID, Web of Science Researcher Profile, Google Scholar) жүргізу; құрылымдық бөлімшелер, ғылыми ұжымдар мен зерттеушілер бойынша тоқсан сайынғы талдамалық материалдар. - «АТУ Хабаршысы» және «ATU Design Science» ғылыми журналдарын шығару (жылына 4 нөмірден): нөмірлерді шығару, журнал сайттарына, elibrary.ru (РИНЦ) платформасына және ашық халықаралық алаңдарға (Open Citations, Baidu, Unpaywall) орналастыру, КазИНЦ базасын толтыру, нөмірлерді Мемлекеттік кітап палатасына, НЦГНТЭ-ге, Алматы қаласы әкімдігіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына жеткізу. - Ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру: «Тағам, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» ХҒПК және «Ғылым. Білім. Жастар» жас ғалымдардың республикалық конференциясы — қатысушыларды онлайн тіркеу, баяндамаларды қабылдау, өткізу; отандық және шетелдік ұйымдармен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту. - Жоспарлау, есептілік және мониторинг: университеттің ҒЗЖ бойынша есептерін (күнтізбелік және оқу жылы бойынша) дайындау, НЦГНТЭ-ге есептілік, жоспарлы көрсеткіштер мен KPI мониторингі, рейтингтер, аккредиттеу және өзге де бағалау жүйелеріне мәліметтер дайындау. - Ғылыми коммуникациялар: Ақпараттық бюллетеньді ай сайын шығару және тарату, АТУ сайтындағы «Ғылым» бөлімін жүргізу. - Нормативтік және құжаттамалық қамтамасыз ету: ғылыми қызмет бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу, істер номенклатурасы мен СМЖ талаптарына сай іс жүргізу. |
|
Ғылыми жарияланымдар және коммуникациялар бөлімінің басшысы Жанаева Алтынай Бактыкерейкызы Тел.: 8 (727) 293-52-84 (ішкі 145) |
|
![]() |
|
|
Ғылыми жарияланымдар және коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы Анарбекова Ұлжан Дүйсебайқызы Тел.: 8 (727) 293-52-84 (ішкі 145) |
|
![]() |
|
|
Ғылыми жарияланымдар және коммуникациялар бөлімінің маманы Моллаева Меруерт Азатовна Тел.: 8 (727) 293-52-84 (ішкі 232) |
|
Коммерцияландыру және зияткерлік меншік бөлімі басшысы Ихсанов Ербол Сагинович PhD, ассистент-профессор e-mail: erbol.ih@gmail.com |
Коммерцияландыру және зияткерлік меншік бөлімі Бөлім университеттің зияткерлік қызмет нәтижелерін қорғауды және оларды іс жүзінде қолдануды қамтамасыз етеді: ғалымдардың әзірлемелерін патенттеуден бастап технологияларды бизнеске беру мен бюджеттен тыс қаржыландыруды тартуға дейін. Негізгі қызмет бағыттары: - Зияткерлік меншікті қорғау; - Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒҒТҚН) коммерцияландыру және технологиялар трансфері; - Коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға дайындауды сүйемелдеу; - Бизнеспен серіктестік және университеттік кәсіпкерлікті дамыту (spin-off, бірлескен кәсіпорындар); - Зияткерлік меншік және коммерцияландыру мәселелері бойынша оқыту және кеңес беру. Атқарылатын функциялар: - Университет қызметкерлері мен білім алушылары жасаған зияткерлік меншік объектілерін анықтау, есепке алу, құқықтық қорғау және сүйемелдеу - Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге және зияткерлік қызметтің өзге де нәтижелеріне қорғау құжаттарын алуға өтінімдер дайындау, ресімдеу және беру; зияткерлік меншік объектілерін Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде тіркеу. - Алдын ала патенттік іздеу, техника деңгейін талдау, техникалық шешімдердің жаңалығын, өнертапқыштық деңгейін және өнеркәсіптік қолданылуын бағалау; патентке қабілеттілік туралы қорытындылар мен ұсынымдар дайындау - Ғылыми әзірлемелер мен технологияларды коммерцияландыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру: коммерциялық әлеуетін және технологиялық дайындық деңгейін (TRL) бағалау, серіктестер мен мүдделі ұйымдарды іздеу. - Авторлар мен ғылыми бөлімшелерге зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыруға жәрдемдесу: әлеуетті нарықтарды талдау, коммерциялық ұсыныстарды зерделеу, енгізу және құқықтарды беру бойынша ұсыныстар дайындау. - Лицензиялық шарттарды, құқықтарды басқаға беру шарттарын және өнеркәсіптік серіктестермен келісімдерді сүйемелдеу; spin-off компаниялар мен бірлескен кәсіпорындар құруға жәрдемдесу. - ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға өтінімдер дайындау. - Зияткерлік меншік объектілерінің тізілімін жүргізу, оларды құқықтық қорғау және коммерцияландыру саласында есепке алу мен есептілікті дайындау. - Бөлім қызметінің көрсеткіштерін мониторингтеу, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың тиімділігін талдау, талдамалық және есептік материалдар дайындау. - ПОҚ, докторанттар мен студенттерге зияткерлік меншік мәселелері бойынша семинарлар мен кеңестер өткізу. |
|
|
|
|
Коммерцияландыру және зияткерлік меншік бөлімінің жетекші патент маманы Аймашева Жадыра Кенжебаевна PhD, ассистент-профессор e-mail: atu.edu@mail.ru |
|
|
|