Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті

Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің штаттық кестесіне сәйкес барлығы 12 штаттық бірлік қарастырылған. Оның ішінде: 1 директор – бас бухгалтер, 1 бас бухгалтердің орынбасары, 1 консультант, 1 есеп айырысу бөлімінің басшысы, 1 есеп айырысу бухгалтері, 1 материалдық бөлімнің басшысы, 2 аға материалдық бухгалтер, 1 материалдық бухгалтер, 1 салықтар бойынша бөлім басшысы, 1 студенттермен есеп айырысу бойынша бөлім басшысы және 1 бухгалтер-кассир.

 

Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті «Алматы технологиялық университеті» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және университеттің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік, салықтық және қаржылық есебін ұйымдастыру мен жүргізуді жүзеге асырады.

Департамент қызметінің негізгі мақсаты – бухгалтерлік есептің дұрыстығын қамтамасыз ету, қаржылық және салықтық есептілікті уақтылы қалыптастыру, активтер мен ақша қаражатының қозғалысын бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау.

Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, нормативтік құқықтық актілерді, университеттің ішкі құжаттарын және бекітілген есеп саясатын басшылыққа алады.

Бухгалтерлік есептің дұрыс және уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету.

  • Дұрыс қаржылық және салықтық есептілікті қалыптастыру.
  • Салықтық есепті ұйымдастыру және салық міндеттемелерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.
  • Университеттің қаржы-шаруашылық операцияларын бақылау.
  • Мүліктің, ақша қаражатының және міндеттемелердің есебін жүргізу.
  • Қызметкерлермен, студенттермен, жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысудың дұрыстығын қамтамасыз ету.
  • Шаруашылық операцияларын құжаттамалық рәсімдеуді бақылау.
  • Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

 Құрылымдық бөлімшелердің құрылымы мен функциялары

Қызметінің негізгі бағыты: материалдық құндылықтардың, негізгі құралдардың есебін және жеткізушілермен әрі мердігерлермен есеп айырысуды ұйымдастыру.

Бөлімнің функциялары:

  1. Тауарлық-материалдық қорлардың түсуі, орын ауыстыруы, пайдаланылуы және есептен шығарылуы бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу.
  2. Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және өзге де ұзақ мерзімді активтердің есебін жүргізу.
  3. Материалдық құндылықтарды қабылдау және есептен шығару бойынша бастапқы есеп құжаттарының дұрыс рәсімделуін бақылау.
  4. Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу операцияларын бухгалтерлік есепте көрсету.
  5. Контрагенттер алдындағы міндеттемелердің уақтылы және дұрыс көрсетілуін бақылау.
  6. Жеткізушілермен және мердігерлермен өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру.
  7. Университет мүлкін түгендеуге қатысу.
  8. Бухгалтерлік есеп деректерінің бастапқы құжаттарға сәйкестігін бақылау.
  9. Шаруашылық операцияларының есеп жүйесінде уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету.

Қызметінің негізгі бағыты: университет қызметкерлерімен есеп айырысуды есепке алуды, еңбекақыны және өзге де төлемдерді есептеуді ұйымдастыру.

Бөлімнің функциялары:

  1. Университет қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша есеп айырысуларды жүргізу.
  2. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес еңбекақыны, еңбек демалысы төлемдерін, жәрдемақыларды, өтемақыларды және өзге де төлемдерді есептеу.
  3. Міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды, салықтарды және басқа да ұсталымдарды есептеу.
  4. Есеп айырысу және төлем ведомостарын қалыптастыру.
  5. Қызметкерлермен еңбекақы және басқа төлемдер бойынша есеп айырысу есебін жүргізу.
  6. Бөлімнің құзыреті шегінде іссапар шығыстары мен есеп беруге тиісті сомалар бойынша есеп айырысуларды жүргізу.
  7. Қызметкерлердің табыстары туралы анықтамаларды және бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де құжаттарды дайындау.
  8. Төлемдердің дұрыс және уақтылы есептелуін бақылау.
  9. Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік және салықтық есептілікті қалыптастыру үшін деректер дайындау.

Қызметінің негізгі бағыты: салықтық есепті жүргізу, салықтық есептілікті қамтамасыз ету және студенттермен есеп айырысуды есепке алуды ұйымдастыру.

Бөлімнің функциялары:

  1. Университеттің салықтық есебін ұйымдастыру және жүргізу.
  2. Салықтық есептілікті заңнамада белгіленген мерзімдерде дайындау және ұсыну.
  3. Салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдердің дұрыс есептелуін бақылау.
  4. Бөлімнің құзыреті шегінде қосылған құн салығы және басқа да салық міндеттемелері бойынша есеп жүргізу.
  5. Электрондық шот-фактуралармен және тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттармен жұмыс істеу.
  6. Салық операцияларының бухгалтерлік есеп жүйесінде уақтылы көрсетілуін бақылау.
  7. Студенттердің білім беру қызметтері үшін есеп айырысу есебін жүргізу.
  8. Оқу ақысының есептелуін, түсуін және берешектің өтелуін бақылау.
  9. Мемлекеттік, атаулы және өзге де стипендиялық бағдарламалар бойынша студенттерге төленетін стипендиялардың есебін жүргізу.
  10. Студенттермен өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру.
  11. Салықтық есеп және студенттермен есеп айырысу мәселелері бойынша ақпарат пен құжаттарды дайындау.
  12. Бухгалтерлік және салықтық есептілік үшін деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету.

Қызметінің негізгі бағыты: университеттің ақша қаражатын, банктік және кассалық операцияларын есепке алуды ұйымдастыру.

Сектордың функциялары:

  1. Университеттің банктік шоттары бойынша операциялардың есебін жүргізу.
  2. Төлем тапсырмаларын және басқа да банктік құжаттарды рәсімдеу және өткізу.
  3. Ақша қаражатының түсуі мен аударылуын бухгалтерлік есепте көрсету.
  4. Банктік операциялардың дұрыс және уақтылы жүргізілуін бақылау.
  5. Заңнама талаптарына сәйкес кассалық операциялардың есебін жүргізу.
  6. Қолма-қол ақша қаражатының түсуін, сақталуын және жұмсалуын бақылау.
  7. Кіріс және шығыс кассалық құжаттарды рәсімдеу.
  8. Банктік ұйымдармен салыстырып тексерулер жүргізу.
  9. Банктік шоттардағы және кассадағы ақша қаражаты қалдықтарын бақылау.
  10. Бухгалтерлік есептілікті қалыптастыру үшін ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпарат дайындау.

 

Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл

Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті университеттің құрылымдық бөлімшелерімен қаржы-шаруашылық қызмет, бастапқы құжаттаманы рәсімдеу, есеп айырысуларды жүргізу, мүлік пен ақша қаражатын есепке алу, сондай-ақ есептілікті қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

Қызметкерлер

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз