Жастар ісі департаменті

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»

Жастар ісі департаментінің  мақсаты мен негізгі міндеттері

Мақсаты:

Жастар ісі департаментінің басты мақсаты – білім алушыларды оқу үдерісінде жан-жақты қолдау, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, олардың сыныптан тыс белсенділігін дамыту, студенттердің белсенді бөлігін тәрбие жұмысына тарту, интеллектуалдық, рухани-адамгершілік тұрғыда дамуына ықпал ету және кәсіби әрі жеке құзыреттерін қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:

  • Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру арқылы азаматтық, адамгершілік және мәдени тұлғаны қалыптастыру.
  • Білім беру ұйымында тәрбие, әлеуметтік және жастар саясаты бағытындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру.
  • Студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға жәрдемдесу, студенттік кеңестер мен клубтарға ұйымдастырушылық қолдау көрсету.
  • Мәдени-көпшілік, спорттық және қоғамдық іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу.
  • Студенттерге әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау.
  • Университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және серіктестермен өзара іс-қимыл жасау арқылы жастар саясатын және студенттік бастамаларды іске асыру.

 

Студенттермен кері байланыс арнасы

Қызметкерлер

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз