
Факультет деканы
Ассистент-профессор, PhD-доктор
Құрметті талапкерлер!
Қазіргі әлем күн сайын өзгеріп, жаңа технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Осындай жылдам дамып келе жатқан шынайылықта табысты болу үшін тек білім алу жеткіліксіз — оны тәжірибеде қолдана білу аса маңызды. Дәл осы дағдыларды АТУ-дың Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультеті үйретеді.
Біз жаңа буын инженерлерін — ғылымды, технологияны және шығармашылықты біріктіре алатын заманауи мамандарды даярлаймыз. Біздің түлектер заманауи цифрлық құралдарды меңгерген, бағдарламалық өнімдерді әзірлей алатын, робототехникалық жүйелерді құрастыра білетін және күрделі техникалық процестерді жобалап, басқара алатын жоғары білікті мамандар болып шығады.
Неліктен біздің факультетті таңдайды:
Факультеттің білім беру бағдарламалары
6В07103 — Автоматтандыру және басқару
6В07104 — Роботтар және робототехникалық жүйелер
6В07105 — Технологиялық машиналар мен жабдықтар
6В07106 — Тоңазытқыш машиналар және ауа баптау жүйелері
6В07108 — Өндірістік робототехника
6В07109 — Цифрлық энергетика
7М07103, 7М07133 — Автоматтандыру және басқару
7М07105 — Технологиялық машиналар және жабдықтар
7М07106 — Тоңазытқыш машиналар және кондиционерлеу жүйелері
7М07104 — Роботтар және робототехникалық жүйелер
8D07105 — Технологиялық машиналар және жабдықтар
8D07103 — Автоматтандыру және басқару
Біз сенеміз: болашақ — инженерлік тұрғыда ойлай алатын, технологиялық тұрғыда әрекет ететін және инновация көзімен әлемге қарай білетін жандардың қолында.
Егер сіз сол болашақтың бір бөлігі болғыңыз келсе — Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультеті сізді күтеді!
Біз әрқашан ізденімпаз, мақсатшыл және әлемді жақсартуға ұмтылған жастарға есігімізді айқара ашамыз.
Мекенжайы: Райымбек даңғылы, 348/4, 2-Б оқу корпусы, 224, 226 кабинет
Телефон: 396-71-33, ішкі (122, 123)
Электрондық пошта: decanfiiitatu@gmail.com
Instagram парақшасы: @atu_fiiit
Басты бет Жетістіктер Білім беру бағдарламалары Тәжірибе және жұмысқа орналасу Материалдық-техникалық база Ғылыми-зерттеу жұмысы Халықаралық ынтымақтастық
Басты бет Жетістіктер Материалдық-техникалық база Ғылыми-практикалық қызмет Білім беру бағдарламалары Тәжірибе және жұмысқа орналасу Профессорлық-оқытушы құрам
Басты бет Ғылыми қызметі Материалдық-техникалық база Жетістіктер Оқу-әдістемелік жұмыс
Оның жеке және кәсіби дамуына ықпал ететін әртүрлі әлеуметтік және академиялық бастамаларға белсенді қатысу.
Жастар комит жөніндегі Комитет студенттік өзін өзі басқару жүйесінің жоғарғы органы болып табылады
Жастар комит жөніндегі Комитет студенттік өзін өзі басқару жүйесінің жоғарғы органы болып табылады
Конструкторлық бюроның құрамына "Технологиялық машиналар мен жабдықтар"мамандығының екінші үшінші және төртінші курс студенттері кіреді
Сайтты және Мобильді қосымшаларды әзірлеу; Робототехника, бағдарламалау курстары; компьютерлік сауаттылық курстары және мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталығы
2017 жылдан бастап мамандарды оқыту мен дамытуды қамтамасыз ететін студенттік бизнес-клуб. Мұнда оқыту курстары мен біліктілікті арттыру курстары ұсынылады.
Қатысушылар Еркін пікір алмасатын және тәжірибе алмасатын ашық пікірталас форматы. Тақырыпты тереңірек ашуға, әртүрлі көзқарастарды естуге және бірлескен шешімдер жасауға мүмкіндік береді.

Оқу ісі жөніндегі декан орынбасары

Тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары

Әдіскер
Өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру» кафедрасының жазғы мектебі
Факультет Еуропалық Одақ елдерінің университеттері, сонымен қатар Исландия, Лихтенштейн, Солтүстік Македония, Норвегия, Түркия арасында студенттер мен оқытушылармен алмасу бойынша коммерциялық емес Эрасмус + (Erasmus+) бағдарламасына қатысады.
Санкт-Петербург ұлттық зерттеу ИТМО университеті, Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті, Техникалық университет Габрово, Белосток технологиялық университет, И. Раззақов атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті (КГТУ), М. Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университеті.


































