• РУС
  • ҚАЗ
  • ENG

Үштілді білім беруді дамыту бөлімі – ОӘБ  құрылымдық бөлімшесі. ҮТББДБ қызметі  көпұлтты және көп мәдениетті кеңістікте өзін-өзі белсенді жүзеге асыруға, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, мемлекеттік, орыс және шетел (ағылшын) тілдерін еркін меңгеруге мүмкіндік беретін тілдік ортаны қалыптастыруға бағытталған бөлімше.

ҮТББДБ мақсаты мен негізгі міндеттері:
ҮТББДБ  мақсаты:

  • АТУ түлектеріне зияткерлік, кәсіби және мансаптық өсудің  перспективаларын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісіне үштілді оқытуды енгізу.

ҮТББДБ негізгі міндеттері:

  • Инновациялық технологияларды пайдалана отырып АТУ-да көптілді білім берудің тиімді моделін құру;
  • АТУ-да мамандықтар бойынша көптілді білім беруді енгізу арқылы бакалавриаттың академиялық топтарын қалыптастыру;
  • Білім алушылардың тілдік дайындық деңгейін арттыру, оларды көптілділік білім алуға тәрбиелеу;
  • АТУ-да көптілді білімі бар кадрларды даярлау және ПОҚ пен білім алушылардың ағылшын тілін меңгеру біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру;
  • АТУ ПОҚ-тың шетелде мақсатты дайындықтан өтуін  ұйымдастыру;
  • ҚР БЖҒМ мен ҚР жетекші жоғары оқу орындары көптілді білім беру бойынша оқу-әдістемелік ақпараттармен алмасу мақсатында ұйымдастыратын презентацияларға, көрмелерге қатысу. Көптілді білім беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша ҚР БҒМ-мен байланыс орнату.
  • Көптілділік қағидатты ескере отырып, жыл сайын бакалавриат мамандықтары пәндеріне арналған  оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілуіне талдау жасап, университеттің ҒК  қорын ағылшын тіліндегі әдебиеттермен толықтыру;
  • Көптілді оқытуды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
  • Көптілді меңгерген білікті  мамандармен қамтамасыз етудің жыл сайынғы мониторингін жүргізу.
  • Жыл сайын университетті көптілді білікті  мамандармен қамтамассыз етудің мониторингін жүргізу.
 

Қызметкерлер құрамы:

Райсова Шайзат Шайкеровна
ОӘБ ҮТББД бөлімінің бастығы

Тел.: 293-52-95 (ішкі. 125)
E-mail: shaizat_1989@mail.ru

 

Курманахынова Молдир Нуртайқызы
ОӘБ ҮТББД бөлімінің бас маманы

Тел.: 293-52-95 (ішкі. 125)