Жаңалықтар

РПО ЖЕҢІСТЕРІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

АТУ студенттері 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және 5В060800 – «Экология» мамандықтары бойынша 2019 жылдың 28-29 наурыз айында, Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында жыл сайынғы өткізілетін,ХІ Республикалық пәндік олимпиадағы белсенді қатысты.

Университет атынан 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша 3 курс студенттері: Черепанова Анастасия, Сибатов Дархан, Қуанышев Әсет, Санат Аида,ӘбжапарАқбота, Қаирғалиұлы Ұлан қатысты. 5В060800- Экология мамандығы бойынша 3 курс студенттері: – Алпысбай Бекжан, Сәлімжан Қабыл, Қуанышбек Құдайберген, Конырбаева Динара, Рамазанова Жанель, Халимсапиев Саид.

Химиктер командасын аға оқытушы Кожайсакова Мадина Амановна басқарды, экологтар командасын доцент Молдагазыева Жанар Ыспановна және аға оқытушы Джакупова Инкар Борисовна басқарды.

ХІ Республикалық пәндік олимпиадағаҚазақстанның 20 жетекші жоғары оқу орындары қатысты. Ережеге сәйкес олимпиада екі турда өтті:профильді пәндер бойынша тестілеу және викторина (химиктер үшін) және ғылыми жобаны қорғау (экологтар үшін).

ХІ РПО қортындысы бойынша «ТехноАТУ» командасы және 3 курс студенті ОЗХТ -16-2 Сабитов Дарханжеке есебінде Жүлделі Үшінші Орынды иеленді. Команда жетекшілері мен студенттерге дипломдар беріліп,2019 жылғы ХІ Республикалық пәндік олимпиадаға белсене қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

АТУ Медиа орталығы