Жаңалықтар

«Ең үздік оқырман кафедрасы»

Кітап оқу мәртебесін көтеру және ғылыми кітапхананың сыртқы және ішкі білім беру электрондық ресурстарын пайдалану, үздік оқырман кафедрасын анықтау мен ынталандыру мақсатында 2018 жылдың басында «Ең үздік оқырман кафедрасы» байқауы жарияланды. (ақпарат Ғылыми кітапхана мен университеттің веб-сайтында, «Технолог» газетінде жарияланған, Documentologу бойынша).

Байқауға қатысу өтінімдері барлық 18 кафедралардан қабылданды.

Қорытындылай келе, барлық көрсеткіштер ескерілді:

  • оқытушылар мен студенттердің ҒК-ға келімінің жалпы саны;
  • шығарылған кітаптар мен мерзімді басылымдардың саны;
  • ҒК-ның оқу залында және электрондық ресурстар орталықтарында қолданылған электрондық ресурстардың саны;
  • кафедра үйлестірушілерінің ғылыми кітапханамен жұмысы;
  • ғылыми кітапханада өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысуы;

Байқау қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орындарға лайықты деп келесі кафедралар таңдалды:

I орын – «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы. (жүлде – Кубок «Ең үздік оқырман кафедрасы», «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы). Кафедра «Кітаппен қамтамасыз ету» модулін толтыру бойынша және кітап қорын пайдалануда, «Ғылыми кітапханадағы кафедра күнінде» белсенді қатысып, электронды ресурстарды пайдалануда және «Кітапханашыдан сұра» іс-шаралдарында жоғарғы деңгейде атсалысты.

II орын – «Мемлекеттік және әлем тілдері» кафедрасы. Кафедра жыл сайын кітапханалық және электронды ресурстарды белсенді пайдаланумен қатар, факультеттің бірінші курс студенттерін Ғылыми кітапханамен таныстыру іс-шарасымен ерекшеленеді (жүлде Сертификат + «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітабы);

III орын – «Бұйым және тауар технологиясы мен конструкциясы» кафедрасы. (жүлде «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» бағалы кітабы үш тілде) Ғылыми кітапхана сайтында және дәстүрлі кітап беруде өз тақырыптары бойынша жақсы ізденісі үшін марапатталды.

Байқауды ұйымдастыру комитеті арнайы жүлдені құруға құқылы:

  • «Үздік оқырман ұжымы» – Технологиялық-экономикалық колледжі («Менің Отаным – Қазақстан» атты кітабы үш тілде) Кітапханадағы электронды ресурстарды белсенді пайдаланып, кітапханада өтетін іс-шараларда студенттер еріктілер тобы болып өз үлестерін қосады.
  • «Белсенді Пайдаланушы-2018» – ЭжБФ-нің 3 курс студенті Қасымхан Асыл – студент барлық бос уақытын кітапханада өткізеді, өз группаластарында кітапханаға шақырып, оларға университеттің ғылыми кітапханасының электрондық ресурстарын лицензиялық жазылымдар арқылы сенімді іздеуде көмектеседі.(жүлде – электрондық кітапша-планшет RilmixRBK-616).