Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

072 – Өндірістік және өңдеу салалары (Азық-түлік өнімдерінің өндірісі; Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары) және 111 Қызмет көрсету саласы (Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі) жоғары  және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша  2019 жылы 6 желтоқсанда  оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы өтеді

ОӘБ МӘЖІЛІСІНІҢ КҮН ТӘРТІБІ:

1. Оқу-әдістемелік бірлестік қызметін жобаларды басқару тобы (ЖБТ) форматына өзгерту туралы.
Нурахметов Бауржан Қумаргалиевич, оқу-әдістемелік бірлестігі төрағасының орынбасары, Алматы технологиялық университетінің бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор.

2. Оқу-әдістемелік бірлестік құрамындағы университеттер арасында академиялық желі құру.
Медведков Евгений Борисович, қашықтықтан оқыту факультетінің деканы,  «Erasmus+» халықаралық бағдарламасының «Орталық Азиядағы жаңа технологиялар арқылы жоғары білім беру модернизациясы» жобасының қатысушысы, т.ғ.д., профессор.

3. Білім беру бағдарламаларын жобалау (Major-Minor)
Скиба Марина Александровна, Нархоз университетінің академиялық қызметі жөніндегі проректорының м.а., п.ғ.к., доцент.

4. Әр түрлі
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша ОӘБ  грифін беру үшін оқулықтар мен оқу құралдарын  қарастыру және  ұсыну.

СЕКЦИЯ МӘЖІЛІСІНІҢ КҮН ТӘРТІБІ
Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдар

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Білім беру бағдарламасы маз-мұнын әзірлеу және жетілдіру туралы.

Таева Айгүл Маратқызы, секция төрағасының орынбасары, АТУ «Тамақ өнімдері технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., РФ  т.ғ.д. доцент.

Қосымша баяндамашылар:

Жиенбаева Сауле Тургановна, АТУ «Нан өнімдері және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., доцент.

Уажанова Раушангуль Улангазиевна, АТУ «Азық-түлік қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., доцент.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Major-Minor бағдарламаларды әзірлеу және енгізу тәжірибесі.

Қажыбаева Ғалия Төлеуқызы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Биотех-нология» кафедрасының доценті, т.ғ.к.

Қазақ ұлттық аграрлық универ-ситетінің Major-Minor бағдарлама-ларды әзірлеу және енгізу тәжірибесі.

Мамаева Лаура Асылбекқызы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Технология және тағам қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор.

Жоғары оқу орындары арасындағы кешенді, пәнаралық (курстық, дипломдық жұмыстар) жобалар өткізу арқылы сала мамандарын даярлау сапасын арттыру.

Жилисбаева Раушан Оразовна, АТУ «Жеңіл өнеркәсіп және дизайн» факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор.

Магистранттардың академиялық ұтқырлығын енгізу мүмкіндіктері арқылы білім беру бағдарламаларын жетілдіру.

Сеитова Назима Жумановна, «Сымбат» дизайн және технологиялар академиясының ғылым жөніндегі проректоры, т.ғ.к., доцент.

«Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының мазмұнына қазіргі заманғы талаптар.

Плохих Роман Вячеславович, секция төрағасының орынбасары, АТУ «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.д., доцент.

Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі саласындағы классикалық және жаңа білім беру технологиялары.

Плохих Роман Вячеславович, секция төрағасының орынбасары, АТУ «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.д., доцент.

Өтетін орны: Алматы қ., Төле би к-сі, 100 (бас ғимарат), мәжіліс залы (2 қабат), тіркеу 9.00-10.00, басталуы 10.00.