Жаңалықтар

ТАҒАМ, ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТЕРІ ЖӘНЕ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ

Жеңіл және тағам өнеркәсібі агроөнеркәсіп саласының үшінші буыны болып табылатыны белгілі. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, қонақжайлылық та – келешегі зор үміт күттіретін индустрияға айналған өркениеттің бірі. Осы орайда, 24-25 қазанда Алматы технологиялық университетінде Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның тақырыбы «Тағам, жеңіл өнеркәсіптері және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға шетелдік жетекші ғалымдар мен мамандар, ғылыми және білім беру қауымдастығының, Қазақстан Республикасы мен ТМД-ның мамандандырылған кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Қонақтарға және конференцияның жалпы отырысына арналған құттықтау сөзін АТУ-дың ғылым және инновация жөніндегі проректоры, профессор Бердан Рскелдиев ашты. Ол өз сөзінде тамақ, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясындағы инновациялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар ғылым мен бизнестің тығыз байланысының маңыздылығын атап өтті.

Ғылыми конференцияда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразбек Чомановтың «Су белсенділігі тамақ сапасының көрсеткіштерінің бірі»; «PERI» ЖШС шұлық зауытының директоры Серік Ахметовтың «Ғылыми өндіріс. Алматы технологиялық университеті мен «PERI» ЖШС өзара әрекеттесу әдістері мен тәжірибесі; АТУ «Өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру» кафедрасының доценті Александр Цойдың «Ғарышқтық салқындықты өнеркәсіп пен ауылшаруашылығында қолданатын қондырғылар мен жүйелерді жасау»  тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.

Бірінші күні конференцияға қатысушылар төрт тақырыптық секциялық отырыстарға қатысты, онда ауылшаруашылық шикізатын өңдеу, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясы, ақпараттық-коммуникациялық процестерді басқару мәселелері талқыланды. Талқылау барысында маңызды мәселелерді шешудің жолдары және осы салалардағы зерттеулердің перспективалық бағыттары анықталды. Іс-шараның екінші күні қорытынды секциялық отырыс өткізіліп, онда жұмыс нәтижелері шығарылып, конференция қатысушыларына дипломдар мен сертификаттар тапсырылды. Конференцияның нәтижесінде тағам, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясын дамыту бойынша халықаралық ғылыми ынтымақтастық тәжірибесін жалғастыру туралы шешім қабылданды.

АТУ Медиа-орталығы