Жаңалықтар

Адамгершілік сағаты

9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күнін атап өту барысында Алматы технологиялық студенттеріне «Адамгершілік сағаты» атты ашық лекция өткізілді.

Лекцияда Инжиниринг және ақпараттық технологиялық факультеті деканының орынбасары Н.Е.Жақсығұлова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мен құқықтық негіз жайлы баяндады. Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы принциптерді қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар студенттер «Адамгершілік жастар көзімен», «Біздің қоғамда жемқорлыққа жол жоқ» атты баяндамаларын оқыды.

Кездесу аясында барлық қатысушылар жемқорлыққа қарсы, жемқорлықты болдырмау, алдын алу тәсілдері туралы талқылау жүргізді. Қазіргі жастар арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениетін қалыптастыру бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.