Жаңалықтар

Білім беру бағдарламаларың оқыту нәтижелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел

Алматы технологиялық университетінің «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасы 2021 жылдың 11 қарашасында 6В07501 Стандарттау, сертификаттау және метрология (тамақ саласы бойынша),7М07501/7М07531-Стандарттау және сертификаттау, 7М07502/7М07532 Метрология, 7М07203/7М07263/ 8D07203- Тағам қауіпсіздігі 2022-2023 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларың оқыту нәтижелерін және елективті пәндер каталогын талқылау бойынша жұмыс берушілермен, білім алушылармен, оқытушылар қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Техникалық реттеу және метрология Департаментінің бас маманы Имашев Р. Б.,  «Қазстандарт» РМК  стандарттау бөлімінің басшысы Алексеева Л. Я., метрология бөлімінің басшысы Исламова А. М., жетекші маманы Бекенова Д.С., «Техникалық реттеу және метрология орталығы» ЖШС директоры Кемербекова А. К., «МедЭксперт Қазақстан» ЖШС жетекші метрологы Талапбаев Ернур, «Қазтехсервис» ЖШС (метрологиялық зертхана) басшысы Керімбекова А.Т, АТУ «Автоматтандыру және робототехника» кафедрасының оқытушылары, «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны ЖШС физика-химиялық зерттеулер және тағам қауіпсіздігі зертханасының меңгерушісі  Нурсеитова М, кафедра оқытушылары, сондай-ақ академиялық мәселелер жөніндегі проректор Байболова Л.К., тағам технологиялар факультетінің деканы Жақсылықова Г.Н, Алматы Технологиялық Университетінің оқу әдістемелік басқармасы,  жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасының  басшылары қатысты.

Кафедра меңгерушісі Уажанова Р.У. 2020 оқу жылының білім беру бағдарламаларында білім беру бағдарламасының мақсатына түзету, 6, 7, 8 дескрипторларына, кәсіби стандарттарға, жаңа кәсіптер атласына сәйкес оқыту нәтижелеріне түзету жүргізілгенін атап өтті. Білім беру бағдарламасы пәндерінде цифрлық бағдарламалар мен технологияларды пайдалану қарастырылған (9 пән бакалавриат, 2 магистратура пәндері).

Сондай-ақ, жұмыс берушілерден оқу бағдармаларын қарастырғаны жөнінде  хаттар келгенін және жауаптар алынған, онда жаңа пәндерді қосу және метрология бойынша білім беру траекториясын ашу және осы бағыттағы кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты осы бағытты дайындауды күшейту бойынша ұсынымдар ұсынылғаны қарастырылды.

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Байболова Л.К. бұл траекторияны жүзеге асыру үшін жаңа оқытушыларды тарту немесе метрология саласына  кадрларды даярлау және цифрландыру саласында біліктілікті арттыру курстарынан өту, сондай-ақ мастер класстар және практикалық сабақтарды өткізу үшін мамандарды белсенді шақыру қажет екенін атап өтті. Білім беру бағдарламасы сыртқы сарапшылардың рецензияларын да алу қажет. Байболова Л.К. білім алушыларды халықаралық сертификаттау мүмкіндігі туралы мәселені көтерді.

Тағам технологиялар факультетінің деканы Жаксылыкова Г.Н. кәсіптік практикадан өту кезінде жеке тапсырмалардың тақырыптарын және  өзекті дипломдық жұмыстардың тақырыптарын жұмыс берушілерден ұсынуды атап өтті.

Оқу-әдістемелік басқарма бастығының орынбасары Ізтілеуов М.Қ «Метрология» траекториясының маңыздылығы мен қосуын қажет екендігін  атап өтіп, жұмыс берушілер тарапынан базалық және бейіндік пәндер тақырыптарына сараптама мен ұсынымдар жүргізуге шақырды.

Жұмыс берушілер тарапынан осы ұсыныстар қабылданып, жаңа цифрлық технологияларды ұсынуға көмек көрсететінін айта кетті.

Соңында шешімдер қабылданды, кафедра білім беру бағдарламаларына барлық ұсыныстар енгізілетінін, оқытушылардың біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы дайындауын, сондай-ақ білім алушылардың ұсыныстары ескерілетінін айтты.