Жаңалықтар

Дүниежүзілік нан күні

16 қазан – Дүниежүзілік нан күні. Бұл мереке 2006 жылы Халықаралық наубайшылар мен кондитерлер одағының бастамасымен құрылды.

Бұл күнді таңдау 1945 жылы 16 қазанда БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы құрылғанына байланысты болды. Ұйым Ауыл шаруашылығын және оның өндірісін дамытудағы мәселелерді шешумен айналысты.

Алматы технологиялық университетінің, Тағам технологиялары факультетінде бұл мерекені атап өттік. Университетіміздің студенттеріне арнайы білікті наубайханашы маман Сергей Земцовтың бастауымен Нан пісіруден мастер -класс өткізілді.