Диссертациялық кеңес

Жакатаева А.Н. диссертациясының қорғалуы туралы

Алматы технологиялық университетінде 6D073500 – «Тағам қауіпсіздігі»  мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жакатаева Алтынай Насыпкановнаның «Қант шикізатының сақтау кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.

Диссертациялық жұмыс Алматы технологиялық университетінің «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасында орындалды.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс
Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ғылыми кеңесшілері:

– Изтаев А.И. – ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д, профессор, 05.18.01. – «Дәнді бұршақ дақылдарын, жарма өнімдерін, жеміс, көкөніс және жүзім шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау және қайта өңдеу технологиясы»;
– Luděk Hřivna – , Ing. профессор, Брнодағы Мендель университеті, Брно қ., Чех Республикасы.

Ресми рецензенттер:

– Уразбаева Клара Абдыразаховна – химия ғылымдарының кандидаты, «Тамақ инженериясы» кафедрасының профессоры,  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Казақстан Республикасы (ғылыми еңбектері бойынша).
– Какимова Жайнагуль Хасеновна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Тамақ өндірістерінің технологиясы және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ, Семей қ., Казақстан Республикасы (ғылыми еңбектері бойынша).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

Тохтаров Жайық Хамитович – PhD, қауымдастырылған профессор, «Инженерлік-технологиялық» факультетінің деканы, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ, Семей қ., Қазақстан (мамандығы – 6D073500 – «Тағам қауіпсіздігі»).
Матеева Акмарал Ержановна – PhD, «Биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы, «әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ , Алматы қ., Қазақстан (мамандығы – 6D073500– «Тағам қауіпсіздігі»).
Бастаубаева Шолпан Оразовна – ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент, Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Алматы қ., Қазақстан (ғылыми еңбектері бойынша).
Ахметсадыкова Шынар Нурлановна – PhD, «Биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы, «әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан (ғылыми еңбектері бойынша).

Қорғау 2021 жылғы 3 желтоқсанда сағат 09:30-да «Алматы технологиялық университетінің» АҚ жанындағы 6D072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»,  6D072800 – «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы», 6D073500 – «Тағам қауіпсіздігі» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесте мына мекен-жайда өтеді: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 100, конференц-зал, 212 кабинет.

Сайт адресі: atu.edu.kz, e-mail: yamadina88@mail.ru.