Жаңалықтар

Технологияны дамыту – заман талабы!

Алматы технологиялық университетінің ректоры Т.Құлажановтың әлеумет алдындағы есептік кездесуі кезінде негізгі ой осы тақылеттес өрбіді. Ректор Алматы технологиялық университетінің өткен оқу жылының есебі мен келер оқу жылының стратегиялық жоспарларын ортаға салды.

Алматы технологиялық университеті алпыс жылдан асатын тарихы бар қабырғалы оқу ордасының бірі. Ол білім-әдістемелік әрі ғылыми-зерттеу орталығы. Мұнда текстиль мен жеңіл өнеркәсіп, тағам технологиялар саласы, қайта өңдеу саласы, IT-технология, бизнес, қызмет көрсету индустриясы мен Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылық қызметі бағытындағы көптеген мамандар біліктігін арттырады.

Соңғы жылдары АТУ халықаралық білім беру торабына интеграция жасап жатыр. Ол әлемдік деңгейдегі ТОП–500 үздік оқу ордаларымен серіктестік орнатты. Тәжірибе және алдыңғы қатарлы инновациялық білім технологияларын алмасу, дидактикалық модельдер тануда сатылап дамып келеді. Бұндай серіктестер қатарында Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Инновациялық Еуразиялық университет бар. 

Қазіргі таңда университет мультимедиялық сыныптар жабдықтау бойынша үлкен жұмысты атқарып жатыр. Олардың ішінде ультрафокусты проекторлар, интернетпен жабдықталған цифрлы білім беру технологиялары бар. Соңғы 2 жылда 42 сынып жабдықталды.

Осы оқу жылы барысында профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер өтетін пәніне сай біліктілік талаптарына сай қызмет көрсетті. Биыл олардың жалақылары пайыздық мөлшерде өсті.

Университетте әлеуметтік-психологиялық қолдау бөлімі студенттермен психодиагностикалық, коррекциялық, кеңес беру қызметтері жүзеге асады, алдын алу мен тәрбие беру істері жолға қойылған.

Жемқорлыққа қарсы 2020-2021 оқу жылы университетте «Саналы ұрпақ» аясында Кешенді жоспар жүзеге асты.  

Университеттің 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында басты бағыттар айқындалған:

– Еліміздің экономика саласын бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету.
– Жоғары білім беру мен жоғары білім беруден кейінгі білім беру саласын әлемдік тенденцияларға сай модернизациялау.
– Елдің индустриалды мүддесіне ғылыми тұрғыда үлес қосу.
– Жоғары білім беру мен жоғары білім беруден кейінгі саланың менеджментін жетілдіру мен дамуына мониторинг жасау.
– Университеттің инфрақұрылымды дамыту.
– Жастар арасындағы азаматтық-патриоттық тәрбиені жетілдіру.

Осы бағдарлама жүзеге асқанда 2025 жылға қарай шамамен мынадай көрсеткіштерге қол жеткізе аламыз:

– Контингент: 9000 студенттен кем емес;
– Интернационалдылық: шетелдік серіктестермен бірлесе 15 қосдипломды бағдарлама жасау;
– Шетелдік студенттер қатарын 6% асыру;
– Рейтинг: QS рейтингі бойынша Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінде Топ – 100 халықаралық рейтингке ену;
– Университетер арасындағы Топ – 1000 әлемдік QS рейтингіне ену.

Есеп айтылған соң ректор студенттер мен оқытушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Ректордан бөлек бұл кездесуде Қамқоршылық кеңестің төрайымы М.Сабралиева сөз алып, қамқоршылық кеңестің мүшесі болған 25 компанияның басшылары онлайн лекция оқығанын ерекше атап өтіп, оларға алғыс білдірді. Кездесуге Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы мен Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова қатысып, өз тілектерін білдірді. Өтегенова Ғалия Пархатовна, Қамқоршылық кеңестің мүшесі, «Біздер жұмыс берушілер АТУ-мен тығыз қарым-қатынаста серіктестігімізді дамытып келеміз, жас мамандарды даярлау ісіне тікелей араласып отырамыз, осындай мүмкіндік жасап отырған АТУ басшылығына алғыс айтамыз» дегенді айтты. Студенттердің ата-аналары атынан Эмреева Акмарал Ерұланқызы және Тұрғынбаева Гүлзада Малайқызы алғыстарын айтты. 3 курс студенті Тапалов Димаш және Н.Назарбаев атындағы қордың стипендиаты, 4 курс студенті Карабаева Айымгуль – екі студент АТУ-ға өз тілек-алғыстарын баян етті.

Презентация к дколаду ректора на отчетной встрече с населением

Доклад ректора АТУ к встрече с общественностью

АТУ ректорының қоғам алдындағы есептік кездесуінің хаттамасы