Жаңалықтар

Грант иегері

Бүгін меценат Гаухар Қаппарованың тағайындауымен өткізілетін жыл сайынғы Нұрлан Қаппаров атындағы грант байқауының сарапшылар комиссиясының отырысы өтті. Комиссияның шешімімен бұл грант – Әділет Қайнолдаевқа бұйырды!

Байқауға 16 үміткер бейнебаяндарын өткізіп, қатысты. Грант иегерінен бөлек үш бейнебаянға жоғары баға беріліп, сол үш үміткерге 10% жеңілдік беру шарасы қарастырылды. Олар: Гаухар Білімбек, Ұлпан Бекежанова, Әнел Қуантай.

Грант иегерін құттықтаймыз! Оқуда табыс тілейміз! Барлық қатысушыларға ынта-ықыласы мен креативтері үшін зор алғыс білдіреміз! Барлық бейнебаяндар atu_media парақшасында алма-кезек жаряланатын болады.

Бүгін сағат 15-00 грант иегері Әділет тікелей эфирге шығып, сіздермен ой бөлісетін болады! Жіберіп алмаңыздар!