Хабарландыру

Ғылыми ізденіс жемісі!

2021 жылы 4 маусымда Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Жастар және Қазақстанның тұрақты дамуы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге белсенді қатысқаны үшін Алматы технологиялық университетінің докторанттарын ғылыми жетекшілерімен бірге – Дана Мырхеева және Мария Сүлейменованы, Сарбиназ Коканова және Жанар Молдағазыеваны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрі М.Мырзағалиев алғысхаттармен марапаттады.

Ұстаздарымызды марапатымен құттықтаймыз! Әрдайым алар асуларыңыз биік, жетістіктеріңіз көп болғай!