Жаңалықтар

АТУ-дың жеке үлгідегі дипломдары туралы

2021 жылдан бастап Алматы технологиялық университеті (АТУ) жоғары оқу орнын тәмамдау жөніндегі жеке үлгідегі дипломын береді.

Дипломның мұқабасында ЖОО-ның логотипі мен арнаулы фирмалық паттерн қолданылған.

АТУ логотипінің негізіне ағылшын тілінде жазылған «ATU» аббревиатурасы алынды. Кітап, күн, тау мен университеттің құрылған жылы U (UNIVERSITY) әрпінің ішінде көрсетілді. Символдар университеттің құндылығын, миссиясы мен пәлсапасын көрсетуге бағытталған.

Бренд ATU (АТУ) негізгі екі реңкпен берілген: қою көк пен сары. Montserrat – осы ұжымдық стильді тиянақтайтын басты қаріп ретінде таңдалды.

Әр дипломда ерекше идентификацияланған нөмір көрсетіледі. Оны ҚР БҒМ тиянақтап береді. Әрбір нөмір жеке білім алушыға тіркеліп, ҰББДБ (Ұлттық білім беру деректер базасы) сақталады. Бұл дипломның түпнұсқасын кез келген уақытта тексеруге ыңғайлы.

Нөмірлердің сәйкес келуі немесе оларды өзгерту мүмкін емес. Әр дипломда қорғаныш белгілер бар, олар ҚР «Білім туралы» заң талаптарына сай жасалады.

Жоғары оқу орнын тәмамдау туралы жеке үлгідегі диплом «АТУ» АҚ түлектеріне аттестациялық комиссияның шешімімен тегін түрде беріледі.

Жеке үлгідегі дипломның ішкі бланкы мен қосымшасы арнаулы қорғанышы бар қағазда, баспаханалық тәсілмен басылады.

Жеке үлгідегі дипломның ішкі бланкы мен қосымшасының мазмұнына мыналар кіреді:

- «Алматы технологиялық университеті» АҚ атауы;
- бітірушінің аты, тегі, әкесінің аты жазылады;
- білім беру бағдарламасының атауы мен коды (мамандығы);
- тағайындалатын дәрежесі (егер тағайындалса);
- дәреже тағайындау жөніндегі аттестациялық комиссия жиналысының хаттамасының нөмірі мен датасы;
- білім беру формасы;
- «АТУ» АҚ басшысының қолы;
- реттік тіркеу нөмірі;
- берілген жері (қала) мен датасы;
- «АТУ» АҚ мөрі.
- ҚР БҒМ бекітуі бойынша, білім беру туралы әрбір жеке үлгідегі құжатты тіркейтін реттік нөмір мен серия;
- QR код (дипломның верификациясы үшін).

Жеке үлгідегі дипломның ішкі бланкы мен қосымшасы мемлекеттік тілде, орыс тілінде және басқа тілдерде толтырылады.

Ішкі бланктарға «АТУ» АҚ басшысының қолын қара түсті қаламмен қояды. Мөрге арналған жерде «АТУ» АҚ мөрі басылады.

Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру дипломы қосымшасыз жарамсыз саналады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру дипломының жеке үлгісінде:

- ЖОО-ның атауы;
- магистратураны бітірушінің аты, тегі, әкесінің аты жазылады;
- аттестациялық комиссия жиналысының хаттамасының нөмірі мен датасы;
- білім беру бағдарламасының атауы мен коды;
- тағайындалатын дәрежесі;
- даярлық бағыты (ғылыми-педагогикалық немесе бейінді);
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының қолы;
- реттік тіркеу нөмірі;
- берілген жері (қала) мен датасы;
- ЖОО-ның мөрі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру дипломында магистр дәрежесі тағайындалатындықтан MD – сериясы беріледі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру дипломының нөмірі Ұлттық білім беру базасындағы магистрант жөніндегі мағлұматтарға сәйкес жинақталады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жеке үлгідегі дипломында автоматты айқындау мен мәлімет жинақтау, яғни QR код технологиясы қолданылады.