Жаңалықтар

Студенттер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу

2021 жылы 28 қаңтарда АТУ-да құқық қорғаушылар мен Алмалы ауданы әкімі аппараты өкілдері студенттермен онлайн кездесу өткізді. Бұл кездесу «Sanalyurpaq» акциясы аясында ұйымдастырылып, «Студенттер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбын қамтыды. Онлайн жиынға 300-ден аса студент қатысты. Жиынды АТУ тәрбие ісі мен әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры – Батхолдин Қалтай Сейітқажыұлы жүргізді. Ол студенттерді жиын спикерларымен таныстырды.

Спикерлар: Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі Қоғамдық даму басқармасының бастығы Сарыбаев Серікболсын Арыстанұлы мен Алмалы ауданы полиция басқармасының қызметкері, аға лейтенант Кунчинова Меруерт Ерланқызы болды.    

Серікболсын Арыстанұлы төмендегі тақырыптарды қозғады:

1. Қоғамдық даму басқармасы қызметі;
2. Азаматтық-патриоттық тәрбие мен рухани-адамгершілік құндылықтар;
3. Қоғамдық дамудың мемлекеттік бағдарламалары туралы;
4. Студенттердің арандатушылар ұйымдастыратын түрлі акция, қозғалыстарға қосылмаудың алдын алу мәселелері қозғалды;

Аға лейтенант Кунчинова студенттерді жастар арасындағы қылмыстың салдарымен таныстырды. Жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмаудың жолдарын әңгімеледі. Студенттермен мына тақырыптарда диалог құрылды:

1. Жастар арасындағы құқық бұзу жайында;
2. Студенттер арасындағы құқық бұзу мен қылмыс жасаудың алдын алу туралы баяндалды;
3. Жастар арасындағы қылмысты болдырмау шаралары;
4. Қылмыстың салдары, артылатын жауапкершілік жайлы айтылды.