Жаңалықтар

«Ұлы Дала Ұрпақтары» атты онлайн-дөңгелек үстел

2021 жылдың қаңтар айының 27 жұлдызында Алматы технологиялық университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы мен «Қоғамдық келісім» РММ-нің Республикалық Достық үйі жұмысын қамтамасыз ету басқармасы бірлесіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы бойынша «Ұлы дала ұрпақтары» атты онлайн-дөңгелек үстелұйымдастырған болатын.

Онлайн-дөңгелек үстелге Алматы технологиялық университетінің басшылығы, факультет декандары мен декандарының орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, барлық факультеттердің оқытушылары мен студенттері қатысты: Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті, Тағам өндірістері факультеті, Экономика және бизнес факультеті, Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., модератор Қодар Зәмзә Мүтәшқызы бүгінгі қоғамымыздағы жастарды, жалпы халқымызды азаматтық, отаншылдықтәрбиемен сусындататын осынау іс-шараны ұйымдастыруға белсене қатысқан «АТУ» АҚ ректоры, ҚР Ұлттық Академиясының академигі, профессор, т.ғ.д. – Құлажанов Талғат Құралбекұлына, университетіміздің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Батхолдин Қалтай Сейітқажыұлына, ҚРАжҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету қызметінің жетекші сарапшысы, Алматы қ. SANK медиациясының үйлестірушісі – Альтекова Нұрсауле Әбдіқадырқызынаүлкен алғысын білдірді.

Аталмыш іс-шара барысында спикер қонақтарымыз экономика ғылымдарының кандидаты – Османов Жасым Джафарович; ҚХА мүшесі, ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, доцент – Құдайбергенова Айжамал Ибрагимовна; «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» РҚБ-нің төрағасы–Қайрыев Рустем; «КОжҚҒ» кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты, сениор лектор – Гүлмира Досекеева Алденбаевна өз баяндамаларымен таныстырып өтті.