Жаңалықтар

«Елбасы-ғасыр адамы» студенттер форумы

2020 жылдың 20 қарашасында сағат 16.00 – де АТУ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы-ғасыр адамы» студенттер форумы өтеді.

Форумға арнайы шақырылған спикерлер де қатысады.

Трансляция atu_media YouTube каналында өтеді (https://www.youtube.com/c/ATUmedia/featured)

Іс-шара барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны, сондай-ақ оның Қазақстанның дамуы мен әлемдік тарихқа қосқан үлесі туралы сұрақтар бойынша викторина өткізіледі.

Ең белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.