Хабарландыру

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Оң тұлға» атты онлайн жобаны іске қосатын болады

2020 жылғы 23-27 қараша аралығында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Оң тұлға» атты онлайн жобаны іске қосатын болады. Жобаның мақсаты – Давос сарапшылары анықтаған 21 ғасырдың 10 негізгі дағдыларын көрсету. Дағдылар Қазақстанның түрлі өңірлерінің ерекшеліктері бойынша мәдени код арқылы, біздің халқымыздың әдебиетінде, тарихында, дәстүрінде бізге берілген мағыналар арқылы ашылатын болады.

Бұлар қандай дағдылар?

1. Күрделі проблемаларды шешу
2. Сыни ойлау
3. Шығармашылық қабілеті (кең мағынада)
4. Адамдарды басқара білу
5. Адамдармен өзара әрекет жасау мүмкіндігі
6. Эмоционалды интеллект
7. Өз пікірін қалыптастыру және шешімдер қабылдау
8. Клиентке бағдарлануы
9. Келіссөздер жүргізе білу
10. Ақыл-ойдың икемділігі

Жобаның ұраны: «Дәстүр – бұл күлге табыну емес, отты сақтау және ұрпаққа дарыту». Жобаға кәсіби қазақстандық және халықаралық тренерлер, мәдениеттанушылар, академиялық орта мен бизнес өкілдері,

Қазақстанның танымал тұлғалары қатысады. Біздің жоба жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына, студенттерге, түрлі сала қызметкерлеріне, зейнеткерлерге, өзімен жұмыс істегісі және өзін дамытқысы келетін әрбір адамға арналған.

Facebook: https://www.facebook.com/ontulga/

Instagram: https://www.instagram.com/ontulga_marafon/

YouTube-канал проекта : https://www.youtube.com/channel/UC_Gf-P-bvt7yIANxTeCxHlQ