7M07103 Автоматтандыру және басқару

7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
7М071 Инженерия және инженерлік іс(Даярлау бағыты)
М100 Автоматтандыру және басқару(Білім беру бағдарламаларының тобы)

БББ мақсаты:

Агроөнеркәсіптік кешеннің азық-түлік және өңдеу салаларындағы технологиялық үдерістерді автоматтандыру бағыты бойынша, сондай-ақ білім беру, ғылыми-зерттеу, жүйелерді жобалау, құру, дамыту және оларды басқару дағдыларын жоғарғы деңгейде меңгерген білікті мамандарды даярлау

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • Зерттеулерді және күрделі эксперименттер мен бақылауларды заманауи аналитикалық және сандық тәсілдерді қолдана отырып атқару, зерттеу нәтижелерін автоматтандыру саласындағы ғылыми және практикалық маңызды мәселелерді шешу үшін қолдана білу.

  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікірлерін қалыптастыру үшін ақпарат жинайды және түсіндіреді, кәсіби қызмет саласындағы мақсаттарды қою кезінде жалпылауға, талдауға, сыни тұрғыдан ойлауға, жүйелеуге, болжауға қабілетті.

  • Интеллектуалдық және аналитикалық қабілеттіліктері дамыған, ғылыми ойлау мәдениеті қалыптасқан, мемлекеттік және шет тілдеріндегі әдеби, іскерлік және ауызша сөйлеуді қолдануға бейімді.

  • Оқытудың инновациялық және интерактивті әдістерін білім беру үдерісіне енгізеді, кәсіби салада одан әрі білім беруді өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын көрсетеді.

  • Автоматтандыру саласында экономикалық тиімді автоматтандырылған жүйелерді құру және ендіру барысында заманауи прогрессивті технологияларды және жабдықтарды, теориялық білімді, жобалаудың заманауи принциптері мен тәсілдерін қолдану

  • Инновациялық мәселелерді ұйымдастыру барысында қажетті жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу, зерттеудің, жобалаудың және заманауи автоматты басқару жүйелерін ендірудің техникалық және экономикалық тиімділігін бағалау.

  • Кәсіпорындағы сапа менеджменті жүйесін құруға, әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеуге, техникалық құжаттамаларды сараптауға және қызметкерлердің ғылыми-техникалық білімін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады

  • Кәсіби деңгейде өзінің білімін, түсінігін және жаңа ортадағы мәселелерді шешу қабілетін кең пәнаралық жағдайда қолданады.

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз