7M07101 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
7М071 Инженерия и инженерлік іс(Даярлау бағыты)
М097 Химиялық инженерия және процесстер(Білім беру бағдарламаларының тобы)

БББ мақсаты:

Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін орындауға және ресімдеуге қабілетті органикалық заттардың озық химиялық технологиялары саласында құзыреті жоғары білікті химик-технологтарды дайындау, оқылатын салада әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру үшін тәжірибе жинақтау.

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • ғылымның тарихы мен философиясы білімін пайдалана отырып, жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде кешенді зерттеулерді жүзеге асырады.

  • кәсіби қызметпен байланысты шет тілінде қарым-қатынас дағдыларын меңгерген.

  • Қазақстан жоғары мектебінің педагогикасы мен психологиясының теориялық және әдістемелік негіздерінің білімін көрсетеді.

  • ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет дағдыларын меңгерген.

  • нанотехнология және көмірсутек шикізатынан органикалық қосылыстарды синтездеу саласындағы базалық білімдерін көрсетеді.

  • көмірсутек шикізатын тереңдетіп өңдеудің инновациялық технологиялары саласында кәсіби білімдерін көрсетеді.

  • химиялық технологияның инновациялық өнімдерін әзірлеу және сапасын бақылау саласында білімін көрсетеді.

  • ресурс үнемдеу технологиялары саласында және химиялық өндірістің өнеркәсіптік қалдықтарын кәдеге жарату мәселелерінде құзыретті химик-технологтың білімі мен дағдыларын қолданады.

  • химия өндірісінің кәсіпкерлік және басқару қызметі саласындағы инженерлік-технологиялық міндеттерді өз бетінше шешеді.

  • органикалық қосылыстардың химиялық технологиясы саласында ғылым мен тәжірибенің қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген ҒЗЖ жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларын меңгерген.

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз