7М06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (ғылыми-педагогикалық бағыт)

7М06 Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (Білім беру саласы)

7М061 Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (Даярлау бағыты)

М094 Ақпараттық технологиялар (Білім беру бағдарламаларының тобы)

 

БББ мақсаты:

Қазақстан Республикасы экономикасының үдемелі инновациялық дамуы үшін аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуді және компьютерлік ғылымдарды әзірлеу саласындағы жоғары білікті зерттеушілерді, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

 

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • Жаңа ақпараттық ресурстарды, технологияларды игеру негізінде мәдениетаралық, ғылыми коммуникация контекстінде кәсіби қарым-қатынастарды құру, ғылыми байланыстарды кеңейту және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту үшін кәсіби қызметінде шет тілінде қарым-қатынас жасаудың тілдік, коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырады.
  • Психологиялық білімді өзін-өзі тану және басқаларды тану мақсатында қолдану қабілетін көрсетеді.
  • Жоғары мектеп педагогикасының негіздері бойынша білімдерін қолданады және білім беру үдерісіне оқытудың инновациялық және интерактивті әдістерін енгізеді.
  • Әртүрлі салалардағы қолданбалы есептерді шешуде жасанды интеллект, машиналық оқыту және нейрондық желілердің модельдері мен әдістерін қолданады.
  • Шешім қабылдаудың математикалық, аспаптық әдістерін қолданады, күрделі оңтайландыру есептерін шешуде алгоритмдердің тиімділігін бағалайды.
  • Бағдарламалау пәндерін оқыту әдістерін қолданады, есептеу жүйелері мен кешендерінің бағдарламалық қамтамасыз етуін жобалайды, әзірлейді.
  • Big Data технологияларын, бұлтты және таратылған есептеулерді қолдана отырып, деректерді жинау, сақтау, талдау, басқару жүйесін жасайды.
  • Жобалық және технологиялық шешімдерді әзірлейді, құжаттайды, аппараттық-бағдарламалық кешенді әзірлеудің бизнес-процесін басқарады.
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу кезінде криптографиялық қорғаудың бағдарламалық-техникалық әдістерін зерттейді және қолданады.
Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз