7М05101 Биотехнология

7М05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика(Білім беру саласы)
7М051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар(Даярлау бағыты)
М082 Биотехнология(Білім беру бағдарламаларының тобы)

БББ мақсаты:

Биологиялық және биотехнологиялық бейіндегі академиялық және өндірістік ғылыми-зерттеу институттары үшін жоғары білікті және сұранысқа ие кадрларды даярлау, жоғары оқу орындарында, теориялық және қолданбалы сипаттағы мәселелерді құруға және шешуге қабілетті, әзірлеу дағдыларына ие және заманауи жаңа технологияларды игеретін биотехнологиялық өндірістің жетекші мамандарын дайындау

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • Ғылыми дүниетаным жүйесі,тарих пен философия ғылымы бойынша дамып келе жатқан білімдерін көрсетеді
  • Шет тілдердің бірінде жазбаша және ауызша кәсіби қарым-қатынас жасауға қабілетті
  • Әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени ерекшеліктерді төзімділікпен қабылдай отырып, топты басқарады
  • Оқу іс-әрекетінде жоғары білім беру педагогикасы, кәсіптік білім берудің әдістемелік негіздері туралы білімдерін қолданады
  • Ғылыми және практикалық мәселелерді шешу үшін зерттеу мәліметтерін түсіндіреді
  • Нақты биотехнологиялық мәселелерді шешу кезінде талдау әдісін таңдауды негіздейді
  • Биотехнологияның негізгі бағыттары мен мүмкіндіктері туралы білімдерін көрсетеді
  • Сапаны қамтамасыз ету жүйелерін пайдаланудың қазіргі заманғы технологиялары негізінде тамақ өнімдерінің өндірісін бақылауды және сапаны басқаруды ұйымдастырады
  • Тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану өнімдерін өндірудің инновациялық технологияларын әзірлейді
  • Мамандарға да, маман еместерге де ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, проблемалар мен шешімдерді нақты хабарлайды
Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз