7М07201 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
7М072 Өндірістік және өңдеу салалары(Даярлау бағыты)
М111 Тамақ өнімдерін өндіру(Білім беру бағдарламаларының тобы)

БББ мақсаты:

Тамақ өнімдерін өндіру саласындағы қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге және оқытушылық қызметін жүзеге асыруға қабілетті кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейі бар магистрлерді дайындау.

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • Ғылымның тарихы мен философиясын пайдалана отырып, тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде тағамдық технологиялар саласында зерттеулер жүргізеді

  • Кәсіби қызмет саласында шет тілінде ғылыми және кәсіби коммуникацияның заманауи әдістері мен технологияларын қолданады

  • Басқарушылық міндеттерді шешуде және кәсіби және тұлғалық дамуды жоспарлауда психология білімін қолданады

  • Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздерін білуді және кәсіби және білім беру қызметінде кәсіби білім мен іскерлікті қолданады

  • Өз бетінше теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізеді, тамақ саласындағы ғылыми және практикалық міндеттерді шешу үшін олардың нәтижелеріне талдау жасайды

  • Жобаларды басқару саласындағы заманауи әдіснаманы, құралдарды, стандарттарды білу негізінде жобаларды басқарумен айналысатын командалардың жұмысына қатысады

  • Нормативтік құжаттарға сәйкес тамақ өнімдері мен қызметтердің сапасын қамтамасыз ету процестерін басқарады

  • Этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті және оларды қолдану үшін ғылыми этиканы ескере отырып, ақпаратты жинау және түсіндіру негізінде пайымдау шығарады

  • Ғылыми білім, озық тәжірибе және тамақ өнеркәсібін дамыту перспективалары негізінде тамақ өнімдерінің инновациялық технологияларын жасайды

  • Тамақ өнеркәсібі саласындағы ғылыми және кәсіптік терминологияны пайдалана отырып, ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, проблемалар мен шешімдерді анық және қолжетімді баяндайды

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз