7М07204 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
7М072 Өндірістік және өңдеу салалары(Даярлау бағыты)
М114 Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар(Білім беру бағдарламаларының тобы)

БББ мақсаты:

Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалау мен технологиясы саласында ғылым мен инновациялық білімді интеграциялау негізінде сыни ойлауға және стратегиялық шешімдер шығаруға қабілетті жоғары мамандандырылған өндірістік және педагогикалық кадрларды даярлау

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • Ғылым мен әлемдік философиялық ойдың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін білуін көрсетеді; өзінің ғылыми жұмысының кәсіби және әлеуметтік қажеттілігін түсіну

  • Ғылыми ортада іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдерінің бірін еркін қолдану қабілетін көрсетеді.

  • Инновациялық білім беру және өзін-өзі жетілдіру міндеттерін табысты іске асыру үшін арнайы пәндерді оқыту әдістемесін, жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясын қолданады.

  • Ғылыми қызметте эксперименттік зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері саласындағы білімді қолданады және нәтижелерді есептерде, рефераттарда және ғылыми жарияланымдарда ұсынады

  • Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес заманауи жабдықтар мен құралдарды кәсіби пайдалануға қабілетті

  • Жаңа материалдардан жасалған бұйымдарды жобалау кезінде ғылыми зерттеу нәтижелерін негіздеу және оңтайлы есептерді шешу үшін математикалық модельдеу әдістерін қолданады

  • Инновациялық киімдердің әртүрлі ассортиментін әзірлеу үшін ақпараттық технологиялар мен автоматтандырылған жобалау жүйелерінің материалдарын пайдаланады

  • Инновациялық материалдардан арнайы мақсаттағы киімді жобалау кезінде ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені қолданады

  • Өзгермелі жаңа жағдайларда, байланысты салаларда аналитикалық және басқарушылық мәселелерді шешу үшін тігін саласын жобалау пәндерін оқу аясында алынған білімді біріктіреді.

  • Жеңіл өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті бұйымдарын өндіру процесінде инновациялық технологияларды енгізеді

  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалаудың әртүрлі сатыларында қажетті патенттік және ғылыми-техникалық ақпаратты іріктеуді және талдауды жүзеге асырады.

  • Жеңіл өнеркәсіп саласындағы ғылыми-тәжірибелік міндеттерді шешуде аналитикалық және зерттеу дағдыларын қолданады

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз